Конференциялар

Басып шығару

2012 жылдың 15 маусымында ҚР БҒМ ҒК Экономика институты Институт құрылуының 60-жылдығына арналған «Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық-инновациялық жаңғырту мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Экономика институты» РМҚК-ны – Қазақстан Республикасындағы іргелі экономика ғылымы саласындағы жетекші зерттеу институты. Институт іргетасының қалануы республикада макро және өңірлік экономиканың, шаруашылық салалары экономикасының, өндірістік қатынастар мен тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық өмір сүру деңгейлерінің негіздерін қайта өзгертудің іргелі мәселелері бойынша ірі ғылыми бағыттардың және академиялық мектептердің қалыптасуына зор ықпалын тигізді

Конференция бағдарламасы төмендегі бағыттар бойынша мәселелерді талқылауға арналды:жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық жаңарту басымдықтары және зияткерлік әлеуетті дамыту; Қазақстанды үдемелі инновациялық индустриаландыру әдістері мен тәжірибесі; басқаруды және институционалдық жағдайларды жетілдіру проблемалары; Қазақстан экономикасын серпінді дамытудың инвестициялық-қаржылық проблемалары; ұлттық экономикаларды кеңістіктік дамытудың жаңа үлгісі; Еуразия кеңістігіндегі экономикалардың бірлескен өзара іс-қимылының перспективалары; экология және табиғатты үнемдеу проблемалары.

Конференцияның мақсаты Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық және индустриалдық-инновациялық жаңартудың анағұрлым өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау және мемлекеттік билік органдарына оларды шешу жолдары бойынша нақты ұсыныстар жасау болып табылады.

Конференция жұмысына белгілі шетелдік және отандық экономист-ғалымдар және мамандар қатысты:

Copyright 2012-2013. Институт экономики Комитета науки МОН РК. Designed by IT Sigma.