Конференция назарларыңызға!

«Ақылды» қалалар туралы халықаралық конференция Ресейдің Екатеренбург қаласында өтеді

«Өңірдің тұрақты дамуы: «жасыл» технологиялардың іргелі негіздері» алғашқы халықаралық конференциясын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Орал федералды университетінің инновациялық инфрақұрылымы (Екатеринбург) және Global Innovation Labs (АҚШ) дайындауда. 19-20 мамырда Екатеренбургта өтетін конференцияның бағдарламалық комитетіне Әлемнің Нобель сыйлығы лауреаттары Жан Жузель (Франция) мен Рае Квон Чунг (Таиланд), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Кошанов, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті Азимхан Сатыбалдин, Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі Президиумының Төрағасы Валерий Чарушин және басқа да құрметті ғалымдар қатысады.

Конференция қазіргі заманғы қалалардың орнықты дамуын қамтамасыз ететін инженерлік технологиялардың іргелі негіздеріне арналған.

Толығырақ: Конференция назарларыңызға!

Дөңгелек үстел

27 желтоқсан 2013 ж.сағ. 10-да Экономика институты «Әлеуметтік саясат пен мемлекеттік басқарудың жаңа принциптері» Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында «Жемқорлыққа қарсы саясат: әлемдік тәжірбие және Қазақстан» 

Толығырақ: Дөңгелек үстел

Елбасы жолы

Ағымдағы жылдың 13-ші желтоқсанында сағат 15.30-да "Ғылым ордасы" РМК ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырып Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың өміржолына арналған "Елбасы жолы" -"Путь Лидера" киноэпопеясының бірінші көрсетілімі өтеді.

Оқуын ойдағыдай тәмамдап, қолына диплом алған жас Сұлтан достарымен бірге Теміртауға оралып, еңбек жолын қайта жалғастырады. Алдына айқын мақсат қоя білуімен, діттеген биігіне жету жолында қаймықпай, қажымай, күресе алатын қайсар мінезінің арқасында ол қарапайым металлургтен бастап Орталық Азиядағы ең ірі металлургиялық комбинаттың басшыларының біріне дейінгі қызмет сатысына көтеріледі.

Толығырақ: Елбасы жолы

Copyright 2012-2013. Институт экономики Комитета науки МОН РК. Designed by IT Sigma.