Дөңгелек үстел

Басып шығару

27 желтоқсан 2013 ж.сағ. 10-да Экономика институты «Әлеуметтік саясат пен мемлекеттік басқарудың жаңа принциптері» Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасының аясында «Жемқорлыққа қарсы саясат: әлемдік тәжірбие және Қазақстан» 

тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді. Transparency International деректеріне сәйкес 2013 жылы Қазақстан жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес 2012 жылмен салыстырғанда 7 позиция бойынша төмен түсіп, 140-орынды Гондурас, Лаос, Уганда сияқты мемлекеттермен бөлісті. Аталмыш ретйингте Дания, Жаңа Зеландия көш басында келе жатса, Финляндия, Швеция, Норвегия, Сингапур, Швейцария, Нидерландия, Австралия, Канада, Германия сияқты мемлекеттер жоғары көрсеткіштерге ие.

Осы орайда өткізілейін деп отырған дөңгелек үстелде жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірбиесін жан-жақты талқылау және Қазақстан жағдайында қолдануға болатын жемқорлыққа қарсы күрестегі әдістер мен механизмдердің озық үлгілерін анықтау көзделіп отыр.
Сонымен қатар, ғылыми қауымдастық алдында тұрған мынадай мәселелерді талқылау күтілуде:

  •  әлемдегі жемқорлықтың қалыптасуы мен даму үлгілері; 
  •  жемқорлыққа қарсы күрестің ұйымдастырушылық-экономикалық шаралары; 
  •  жемқорлықты еңсеруде бағдарламалық-техникалық құралдарды қолдану механизмдері;
  •  Қазақстан Республикасының жемқорлыққа қарсы заңнамаларын жетілдіру жолдары және т.б. 

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Президенті әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының, ҚР Есеп комитетінің Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының, Еуразиялық ғалымдардың экономиалық клубының өкілдері, танымал қаржыгерлер мен экономистер, шет елдік сарапшылар, ЖОО ұстаздары және т.б. қатысады.
Талқылау нәтижесі бойынша мемлекеттік құзырлы органдарға және GGlobal коммуникативтік алаңы үшін ұсыныстар жасалынады.

Мекен жайымыз: Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29,
ҚР ҒБМ ҒК Экономика институтының конференц-залы.
(Басталуы сағ.10.00)

 Байланысу үшін: 

+7 (727) 272-73-80;
+7 (727) 272-77-13
+7 747 367 11 06
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Copyright 2012-2013. Институт экономики Комитета науки МОН РК. Designed by IT Sigma.