Конференция назарларыңызға!

Басып шығару

«Ақылды» қалалар туралы халықаралық конференция Ресейдің Екатеренбург қаласында өтеді

«Өңірдің тұрақты дамуы: «жасыл» технологиялардың іргелі негіздері» алғашқы халықаралық конференциясын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Орал федералды университетінің инновациялық инфрақұрылымы (Екатеринбург) және Global Innovation Labs (АҚШ) дайындауда. 19-20 мамырда Екатеренбургта өтетін конференцияның бағдарламалық комитетіне Әлемнің Нобель сыйлығы лауреаттары Жан Жузель (Франция) мен Рае Квон Чунг (Таиланд), Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Аманжол Кошанов, ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті Азимхан Сатыбалдин, Ресей ғылым академиясының Орал бөлімшесі Президиумының Төрағасы Валерий Чарушин және басқа да құрметті ғалымдар қатысады.

Конференция қазіргі заманғы қалалардың орнықты дамуын қамтамасыз ететін инженерлік технологиялардың іргелі негіздеріне арналған.

 

Үш басымдық аталып көрсетілді:

• «Ақылды» қалалар – нақты тәжірибе мен ең үздік тәжірибелер, зияткерлік желілер мен сұранысқа жауап беру, таратылған генерация мен энергия сақтау, тасымалдау (көлік, электромобиль, биоотын түрлері және басқалар), адам факторы, ақылды үйлер, мәліметтерді талдау және басқалар.
• Ғимараттар мен ақырғы нәтижелер – ғимараттар (архитектура, материалдар, құрылыс процесстері, автоматика, тұрақтылық және басқалар), эко-дизайн және эко-таңбалар, энергетикалық тиімді тұтыну жабдықтары, энергетикалық менеджмент (әдістері мен жүйелері).
• Саясат және бағалау – энергетикалық саясат және жоспарлау, тұрақтылықты бағалау, өмірлік циклды бағалау, қалалық зат алмасу, индустриалды экология, нарықтар және реттеу; жасыл энергетика – жаңғыртылған энергия көздері, когенерация.

Бағдарламалық комитет жасайтын іріктеуден кейін конференция баяндамалары WoS-та индекстелетін E3S Web of Conferences (www.e3s-conferences.org) жарияланады.

Толығырақ ақпарат: http://scconference.org/

Copyright 2012-2013. Институт экономики Комитета науки МОН РК. Designed by IT Sigma.