«Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайындағы денсаулық сақтау саласының тиімділігін бағалау» жобасы

2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру үшін «Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайындағы денсаулық сақтау саласының тиімділігін бағалау» жобасы 12 ай іске асыру кезеңімен (ҚР БҒМ). IRN AR09561767. Жетекшісі э.ғ.к. Рузанов Р.М.

Өзектілігі. Жобаның идеясы – денсаулық сақтау саласындағы нақты жағдайды бағалау. Жоба Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайында денсаулық сақтау саласының тиімділігін төмендететін проблемаларды анықтауға бағытталған. Орындаушылар жүйелік ақауларды, ұйымдастырушылық, экономикалық, инфрақұрылымдық және басқа сипаттағы негізгі проблемаларды бөліп көрсетуге бел буады. Соңғы айлардағы оқиғалар көрсеткендей, бұл саланың әлсіздігі жалпы елдің денсаулығына ғана емес, экономиканы ауыр дағдарысқа апаруға да қабілетті. Жүйе ескі мәселелерді шешіп, пандемияға негізделген жаңа жағдайларға бейімделуі керек: медициналық көмек жүйесін жетілдіру; қызметтерді үйлестіру; артық емдеу жағдайларын алып тастау; әкімшілік рәсімдерді жеңілдету, бағаны сыни тұрғыдан қайта қарау; алаяқтық пен асыра пайдалану фактілерін қатаң жолмен басу.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайында денсаулық сақтаудың тиімділігін бағалау.

Зерттеудің негізгі нәтижелері: әлеуметтік жүйеде денсаулық сақтау тиімділігін бағалаудың тұжырымдамалық тәсілдері зерттеліп, негізделді; Қазақстанда қолдануға болатын денсаулық сақтауды дамыту мен жаңғыртудың табысты шетелдік тәжірибесі зерделенді; жұмыс істеу ортасын экономикалық талдау (DEA) әдісінің негізінде өңірлер бойынша және жалпы Қазақстан бойынша ҚР әлеуметтік жүйесін жаңғырту жағдайында денсаулық сақтау тиімділігіне баға берілді; ҚР денсаулық сақтаудағы жүйелі іркілістер айқындалды; республикада өмір сүру ұзақтығына қатты әсер ететін көрсеткіштерді көр денсаулық сақтау тиімділігін ұйымдастырушылық, ғылыми-білім беру, инфрақұрылымды дамыту және цифрландыру, экономикалық және әлеуметтік деңгейлерде арттыру бойынша ұсыныстар әзірленді.Ғылыми маңыздылық: осы саланы басқарудағы тәсілдерді өзгертуге мүмкіндік беретін, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне әсер ететін факторлар туралы есептік мәліметтерді алу.

Зерттеу тобының мүшелері:

Рузанов Рашид Муратбекұлы – Ғылыми жетекші, э.ғ.к.

Author ID в Scopus: 57205545708

Researcher ID Web of Science: O-7099-2017

ORCID ID: 0000-0003-4913-3886

Researcher ID in Publons: O-7099-2017

 

Сатыбалдин Әзимхан Әбілқайырұлы– А.ғ.қ., э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі

Author ID в Scopus:57204163982

Researcher ID Web of Science: AAP-7842-2020

ORCID ID:0000-0001-7421-4472

Researcher ID in Publons: AAP-7842-2020

 

Досманбетова Маншук Серикбайқызы с.ғ.қ., PhD

Author ID в Scopus:55428637300

Researcher ID Web of Science     O-7134-2017

ORCID ID 0000-0003-0326-2850

Өмір Аида Салимжанқызы – ғ.қ., докторант

Author ID в Scopus: 0000000349121578

ORCID ID: 0000-0003-4912-1578

Researcher ID in Publons:  0000000349121578

Жоба орындаушылардың негізгі зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялау, оның ішінде:

ҚР БҒМ КОКСОН ұсынған журналдарда:

  • Сатыбалдин А.А., Өмір А.С. и др. COVID-19 пандемиясының Қазақстан Республикасының халқының өмір сүру ұзақтығына әсері // Вестник Университета Туран. – 2021. – №3. – С.174-179. https://doi.org/10.46914/1562-2959-2021-1-3-174-179
  • Aida S. Omir, Nazerke A. Abilkaiyr Measuring main public health indicators of Kazakhstan Republic // Экономика: стратегия және практика. – 2021. – №3. – С.192-203. https://doi.org/10.51176/1997-9967-2021-3-192-203

SCOPUS дәйексөзінің басылымында:

Omir A. Salimzhankizi, Rashid M. Ruzanov, Nazerke A.Abilkaiyr, Khajieva G. Usmanovna  Measuring the efficiency of health systems in Central Asia: a data envelopment analysis//Population Health Management (қарастырылуда).