САТЫБАЛДИН ӘЗІМХАН ӘБІЛҚАЙЫРҰЛЫ

ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі.

ORCID: 0000-0001-7421-4472

ResearcherID: AAX-5075-2020 (H-index- 3)

AuthorID (РИНЦ): 932715 (H-index- 3)

Scopus ID:  57204163982(H-index-5)                                                                                                                                                                                                                                                          

  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры (2015 ж. бастап)
  • «Экономика: стратегия және практика» журналының бас редакторы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
  • Ресей Федерациясы Ресей ғылым академиясының академигі (шет елдік мүшесі).
  • Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.
  • Моңғол ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі.
  • 13 экономика ғылымдарының докторы және 39 экономика ғылымдарының кандидатын дайындаған.

Ғылыми жетекшілік:

«Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» ғылыми-техникалық бағдарламасы (2018-2020 жж.)

БІЛІМІ

Қазақ ауыл шаруашылығы институты (1981 ж.) – Экономист-ұйымдастырушы

Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ (1984-1985 жж.) Аспирантура

КӘСІБИ ЕҢБЕК ӨТІЛІ

  • Талас ауданы агроөнеркәсіптік бірлестігінің экономисі, Майтөбе кеңшарының бас экономисі (1981-1983 жж.);
  • Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ аспиранты (1984-1985 жж.);
  • Қазақ қой шаруашылығы технологиясы ҒЗИ кіші, аға ғылыми қызметкері (1986-1988 жж.);
  • Қазақ АӨК экономикасы және ұйымдастыру ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары (1989-1993 жж.);
  • ҚазАШҒА президиумының бас ғылыми хатшысы (1994 ж.);
  • «Шымкент» ҒӨБ бас директоры (1995 ж.);
  • ҚР Президенті Әкімшілігінің экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (1995-1996 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бас директоры (1996-2003 жж.);
  • ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері комитетінің хатшысы (1996 ж.);
  • Қазақстан Ғылым Академиясының аграрлық ғылымдар жөніндегі вице-президенті (1997-1999 жж.);
  • Қазақстан Ғылым Академиясының ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы (1998-2003 жж.);
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті (02.2004 ж. бастап)
  • ХҚТУ түркітілдес елдердің интеграциялық байланыстарын зерттеу институтының директоры (2005-2007 жж.);
  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Аумақтық басқармасының бастығы – Жамбыл облысындағы Тәртіптік кеңес төрағасы (2007-2013 жж.);
  • «КазАгроИнновация» АҚ басқармасының төрағасы (2014-2015 жж.);
  • ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры (2015 ж. бастап).

Марапаттары: «Құрмет», «Парасат»; «Михайло Ломоносов» (РФ ордені) .