Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша

2019 жылғы мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама нәтижелері бойынша Экономика институтының » Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» атты ғылыми-техникалық бағдарламасы зерттеулерді жалғастыруға мақұлданды және 25 балл алды («Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» басым бағыты бойынша ҰҒК отырысының 2019 жылғы 6 желтоқсандағы №8 хаттамасына №3 үзінді). Бұл Қазақстан бойынша 138 бағдарлама арасында 5-7 орын.

2019 жылғы «Мәңгілік Ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер» басым бағытының ҰҒК отырысының шешімі бойынша (2019 жылғы 6 желтоқсандағы №2 хаттамасы) Экономика институтының келесі гранттық жобалары зерттеуді жалғастыруға мақұлданды:

  • «Қазақстанның шекара маңы депрессиялық аудандарының экономикасын дамыту механизмдерін әзірлеу»;
  • «Ғаламдық бәсекелестік жағдайындағы металлургиялық кешенінің стратегиялық басқару»;
  • «Еңбек ресурстары мен жұмыс күшінің теңгерімділігін қамтамасыз ету шарты ретінде ұлттық кадрлардың бәсеке қабілеттілігін арттыру».