«Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени факторлары және қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы» жобасы

Іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыруға арналған (ҚР БҒМ) «Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени факторлары және қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы» жобасы

ИРН: AP08856570

Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Панзабекова А.Ж.

Өзектілігі. Қазіргі заманғы зерттеу парадигмасы сыбайлас жемқорлықты құқықтық экономикалық, психологиялық, институционалдық факторлар тұрғысынан жеке және өзара байланыста қарастыра отырып зерттейді. Соңғы уақытта белгілі бір қоғамда қалыптасқан ортақ құндылықтар мен мінез-құлық қатынастарымен байланысты және уақыт өте баяу өзгеретін әртүрлі бейресми институттардың алуан түрін қамтитын әлеуметтік-мәдени факторлардың рөлі белсенді түрде талқылануда. Қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік негіздерін зерттеу және қоғамдық сана мен азаматтардың мінез-құлқын өзгерту құралы ретінде тұтас білім жүйесін қалыптастыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және азаматтық қоғамды белсенді ету тетіктерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырудың әлеуметтік ресурсы ретінде дамытуға ықпал етеді.

Жобаның мақсаты – сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени факторларын талдау және бағалау негізінде қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер: сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени факторларын талдау және бағалау негізінде қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасы әзірленетін болады.

Қол жеткізілген нәтижелер

2020 жыл

Сыбайлас жемқорлықты зерттеудің негізгі теориялық тәсілдері жүйеленді; сыбайлас жемқорлықтың дамуына әлеуметтік-мәдени факторлардың әсері зерттелді; сыбайлас жемқорлықты өлшеу мен бағалаудың негізгі тәсілдеріне талдау жасалды; сыбайлас жемқорлықпен күресудегі әлеуметтік институттардың тиімділігінің критерийлері анықталды.

Зерттеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлеуметтік институттарды белсендіруге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың барлық субъектілерінің өзара іс-қимылының әртүрлі тетіктерін зерттеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің тәжірибелік қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың нақты тетіктерін әзірлеуде, азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуеттін жандандыру бойынша нұсқаулық құжаттарын дайындау барысында пайдаланылуы мүмкін.

2021 жыл

Қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлықтың таралуының институционалдық алғышарттары, жағдайлары мен факторлары анықталды; қазіргі қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-мәдени факторларына баға берілді; сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі мен оның қазіргі қазақстандық қоғам үшін зардаптары туралы халықтың хабардар болуының көрсеткіштері анықталды; сыбайлас жемқорлыққа қарсы институттардың күшті және әлсіз жақтарын анықталды және қазақстандық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлеуметтік институттарының басым рөлі негізделді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде алынған қорытындылар әлемнің әртүрлі елдеріндегі және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік-мәдени факторлардың ықпал ету мәселесінің қазіргі жағдайы мен зерттелу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияларды әзірлеу кезінде сәйкес органдар, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар пайдалана алады.

Зерттеу тобының мүшелері:

Панзабекова Ақсана Жакитжанқызы – жобаның ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері

WOS Researcher ID: N-8052-2017

Scopus Author ID: 56107145200

РИНЦ Author ID: 878539

ORCID ID: 0000-0002-6389-9637

Сатыбалдин Әзімхан Әбілқайырұлы – бас ғылыми қызметкер, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі

WOS Researcher ID: AAP-7842-2020

Scopus Author ID: 57204163982

РИНЦ AuthorID: 932715

ORCID ID: 0000-0001-7421-4472

Тургель Ирина Дмитриевна – шет елдік ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Экономика және менеджмент мектебінің директоры, Орал федералдық университеті Экономика және басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқарудың әдістемесі және құқықтық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі.

WOS Researcher ID: AAH-6076-2020

Scopus Author ID: 6505743576

РИНЦ Author ID: 455545

ORCID ID: 0000-0001-8647-7739

Резер Татьяна Михайловна – шет елдік ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, Орал федералдық университеті Экономика және басқару институтының мемлекеттік және муниципалдық басқарудың әдістемесі және құқықтық қамтамасыз ету кафедрасының профессоры

WOS Researcher ID: R-1801-2016

Scopus Author ID: 57215964054, h-index 1

РИНЦ Author ID: 420086

ORCID ID: 0000-0002-4793-9918

Халитова Мадина Мұратқызы – бас ғылыми қызметкер, э.ғ.д., қаымдастырылған профессор

Scopus Author ID: 56107453700

РИНЦ AuthorID: 947289

ORCID ID: 0000-0001-9564-5503

Рузанов Рашид Муратбекұлы – э.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер

Scopus Author ID: 57205545708

WOS Researcher ID: O-7099-2017

ORCID ID: 0000-0003-4913-3886

Жанбозова Ақсәуле Болатханқызы – ғылыми қызметкер, PhD-докторант

ORCID ID: 0000-0002-7143-5680

Иманғали Жансая Ғабиденқызы – ғылыми қызметкер, магистр

ORCID ID: 0000-0001-7886-048X

Дигель Иван Евгеньевич – ғылыми қызметкер, магистр

ORCID ID: 0000-0003-2584-9919

Жоба орындаушыларының негізгі зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялау

 

2020 жыл

  • Сатыбалдин А., Рузанов Р. Механизмы использования информационно-коммуникационных технологий в противодействии коррупции// Wschodnioeuropejskie Czasopismo Naukowe (East European Scientific Journal). – 2020. – № 10(62). – С. 15-22 (РИНЦ).
  • Жанбозова А. Психологические аспекты противодействия коррупции // Slovak international scientific journal. – 2020. – № 46. – С.70-73 (Global Impact Factor)
  • Резер Т.М. История коррупции и социальные ценности // Публичное/частное в современной цивилизации: сб. науч. тр. XXII российской науч.-практ. конф. с междунар. участием (г. Екатеринбург, 16–17 апреля 2020 года) / ред. Л. А. Закс [и др.]. – Екатеринбург: Гуманитарный университет, 2020. – С. 551–556. – DOI 10.35853/UfH-Public/Private-2020-75.

 

2021 жыл

  • Резер Т.М. Социальные ценности студентов в условиях цифровизации образования и COVID-19 // Интеграция образования. – 2021. – Т. 25, № 2. – С. 8–21, https://doi.org/10.15507/1991-9468.103.025.202102.008-021 (Scopus, CiteScore 1.3, Q)
  • Дигель И.Е., Имангали Ж.Г., Борисова Е.И. Анализ взаимосвязей между уровнем коррупцией, экономическим ростом и качеством жизни населения (на примере отдельных стран мира) // Экономика: стратегия и практика. – 2021. – № 2, сс. 178-187, https://doi.org/10.51176/1997-9967-2021-2-178-187 (КОКСОН МОН РК)
  • Панзабекова А.Ж., Тургель И.Д., Жанбозова А.Б. Измерение институциональной среды коррупции в Казахстане на основе международных индексов // Адам әлемі. – 2021. №2(317), сс.66-78, https://doi.org/10.48010/2021.2/1999-5849.07(КОКСОН МОН РК)
  • Ryuzanov R.M., Rezer T.M., Zhandosova Sh.M. Approaches to corruption investigation in the context of interdisciplinary discourse // Adam Alemi. – 2021. No. 2 (317), pp.52-65, https://doi.org/10.48010/2021.2/1999-5849.06 (КОКСОН МОН РК)
  • Ruzanov R.M., Zharlygassinov T.M. Corruption in the healthcare sector during the COVID-19 pandemic: causes, consequences and responses // Экономика: стратегия и практика. – 2021. – № 3. – Сс.217-225, https://doi.org/10.51176/1997-9967-2021-3-217-226 (КОКСОН МОН РК)
  • A.Satybaldyn, T.M. Rezer, A.Zh.Panzabekova. The comparative analysis of approaches to evaluation of value-based orientations for sociological investigations in the field of corruption// Адам әлемі. – 2021. – №3 (318). – сс.92-99, https://doi.org/10.48010/2021.3/1999-5849.08 (КОКСОН МОН РК)
  • Сатыбалдин А.А., Халитова М.М. Анализ основных антикоррупционных институтов и выявление их слабых и сильных сторон// Вестник Университета «Туран». – 2021. – № 4 (в печати КОКСОН МОН РК).
  • Панзабекова А.Ж., Жанбозова А.Б. Факторный анализ социокультурной обусловленности коррупции в Казахстане / Сборник конференции «Качество жизни: социально-экономические приоритеты и основные направления роста социального благосостояния населения» / Под ред. академика НАН РК Сатыбалдина А.А. – Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2021. – 389 с. (74-82 с.)
  • Рузанов Р.М., Досманбетова М.С. Коррупция как одна из ключевых проблем повышения качества жизни / Сборник конференции «Качество жизни: социально-экономические приоритеты и основные направления роста социального благосостояния населения» / Под ред. академика НАН РК Сатыбалдина А.А. – Алматы: Институт экономики КН МОН РК, 2021. – 389 с. (90-96 с.)
  • Zhanbozova A.B. Ways of raising anti-corruption legal consciousness of Kazakhstanis // «XXI ғасырдағы ғылым және білім» атты І Халықар. ғыл.-тәж. Интернет конф. материалдары– Нұр-Сұлтан, 2021 – 92 б. (13-15 с.)