В контексте стратегических задач, обозначенных в Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана от 8 сентября 2025 года, а также в честь 10-летия принятия Предпринимательского кодекса Республики Казахстан, на базе Narxoz Университета состоялась международная научно-практическая конференция, посвящённая развитию регуляторной политики и модернизации экономико-правовой системы страны.
Мероприятие, организованное Евразийским институтом экономико-правовых исследований совместно с НПП «Атамекен», собрало ведущих судей, представителей государственных органов, предпринимательского сообщества и академической среды из Казахстана, России и Узбекистана. Форум стал ключевой площадкой для экспертного анализа десятилетнего пути предпринимательского права и определения новых направлений конституционализации экономических принципов в условиях цифровой трансформации.
Эксперты подчеркнули необходимость укрепления механизмов правовой защиты бизнеса, перехода к партнёрской модели регулирования, адаптации предпринимательского законодательства к цифровой экономике и гармонизации правовых норм в рамках ЕАЭС.
На основе итогов конференции подготовлены рекомендации для государственных органов и деловых объединений. Они включают предложения по обновлению Предпринимательского кодекса, разработке Цифрового кодекса Казахстана и формированию комплексной дорожной карты по снижению административной нагрузки на бизнес до 2030 года.
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына арналған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттер аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің қабылданғанына 10 жыл толуына орай, Narxoz университетінің базасында елдің реттеуші саясатын дамыту және экономикалық-құқықтық жүйесін жаңғырту мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шараны Еуразиялық экономикалық-құқықтық зерттеулер институты мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның жетекші судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпкерлік қауымдастық пен академиялық орта қатысты. Форум кәсіпкерлік құқықтың он жылдық дамуын саралау және цифрлық трансформация жағдайында экономикалық принциптердің конституционализациясының жаңа бағыттарын айқындайтын маңызды диалог алаңына айналды.
Сарапшылар бизнеске құқықтық қорғау тетіктерін күшейту, реттеудің әріптестік моделіне көшу, кәсіпкерлік заңнамасын цифрлық экономика талаптарына бейімдеу және ЕАЭО аясында құқықтық нормаларды үйлестіру қажеттілігін атап өтті.
Конференция қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен бизнес бірлестіктеріне арналған ұсыныстар әзірленді. Олар Кәсіпкерлік кодексті жаңарту, Қазақстанның Цифрлық кодексін әзірлеу және 2030 жылға дейін бизнестің әкімшілік жүктемесін төмендетуге бағытталған кешенді жол картасын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды қамтиды.