Басыт бет

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директорының м.а., э.ғ.д., қауым.профессор Тургинбаева А.Н. 2025 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласында өткен жыл сайынғы «Жоғары білімді сапамен қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» форумына қатысуы жайлы

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директорының м.а., э.ғ.д., қауым.профессор Тургинбаева А.Н. 2025 жылдың 17 қаңтарында Астана қаласында өткен жыл сайынғы «Жоғары білімді сапамен қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» форумына қатысуы жайлы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырған «Жоғары білімді сапамен қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» форумына ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директорының м.а., э.ғ.д., қауым.профессор Тургинбаева А.Н. «Ғылыми кадрлардың тиімділігін арттыру және даярлау стратегиясы» тақырыбы бойынша баяндамасымен пленарлық сессияда сөз сөйледі.

Тургинбаева А.Н. бұл баяндамада жоғары білікті кадларды даярлау жөніндегі өзекті мәселені көтеріп, олардың ғылым мен жоғары білімді, экономиканы және мемлекетті дамытудағы  рөлін айқындап өтті.

Экономика институтында PhD Сатпаева З.Т.  Қазақстанның жоғары зияткерлік әлеуетін өсіру бойынша жүргізіп жатқан зерттеуін негізге ала отырып, Тургинбаева А.Н. кадрлық әлеуеттің орнын толтыру баяу қарқында жүріп жатқанын (докторантураны аяқтаған түлектердің тек 4,6%-ы ғана ғылым саласында қызмет етеді), барлық ғылым салаларындағы PhD диссертацияларын қорғау деңгейінің төмендігін, докторантура білім бағдарламаларының сапасын арттыру керектігін және т.б. мәселелерді қозғады.

 Зияткерлік әлеуетті нығайту – еліміздің ғылымын дамытудағы ең маңызды міндеттердің бірі. Жоғары білікті кадрларды даярлау саласындағы кезекті зерттеулер мәселенің пайда болу себептерін анықтауға, оларды шешу жолында жаңа модельдер мен механизмдерді әзірлеуге қолғабыс етеді. Бұл мәселе ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ғылыми зерттеулерінің перспективті бағыттарының біріне айналуы керек.