2024 жылдың 13-17 қарашасы аралығында Екатеринбург қаласының әкімшілігі, Стратегиялық зерттеулер орталығы, Ресей қалаларының одағы, УрФУ экономика және менеджмент институты, Орал федералдық университеті Сараптамалық талдау орталығымен және «Эксперт-Урал» журналымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ресей қалалары: өсу локомотиві» VIII жалпыресейлік стратегиялық даму форумына және «Ресей аймақтары өзгерістер назарында» XIX халықаралық конференциясына сарапшылар ретінде қатысқан ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ғылыми қызметкерлері э.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин А.А., э.ғ.к., доцент Панзабекова А.Ж. Орал федералдық университетінің ректоры В.А.Кокшаровтың алғыс хатымен марапатталды.