Абай әдеби орталықтың салтанатты ашылуы

2020 жылғы 16 қаңтар, 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» оқу залында қазақтың ұлы ағартушысы, ақыны және философы  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған Абай әдеби орталықтың салтанатты ашылуы өтті.

Абай әдеби орталығының ашылу мақсаты – қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, классигі Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын кеңінен насихаттау.

Аталған іс-шараға ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы, академик Сәбден Оразалы қатысып, өзінің Лондонда ағылшын тілінде жарық көрген «Абай, Қазақстанның болашағы және әлем өркениет» атты кітабын Ұлттық кітапхана қорына сыйға тартты және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында Абай шығармаларын әлемнің басқа тілдеріне аударуды ұсынды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Абай әдеби орталығының ашылуына ұлы ақынның ұрпақтары, белгілі қоғам қайраткерлері, белгілі жазушылар, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, студенттер, кітапхана оқырмандары, БАҚ және т.б. қатысты.