Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің негізі

2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты «Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің негізі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында «Экономика приграничных районов: проблемы и перспективы развития (на примере Алматинской области Казахстана)» /Монография /под ред. А.А. Сатыбалдина, Н.К. Нурлановой. Алматы, Институт экономики КН МОН РК. – 2020. – 348 с. Кітабының тұсаукесері болды.

Дөңгелек үстел жұмысында белгілі ғалымдар баяндама жасады:

  1. ҚР ҰҒА академигі ҚОШАНОВ А.Қ.
    Баяндама тақырыбы: «Урбандалу және аумақтық дамудың әлеуметтік проблемалары».
  2. ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., профессор НҰРЛАНОВА Н.К.
     Баяндама тақырыбы: «Елдің аймақтық дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен трендтері»
  3. ҚР ҰИА академигі, д ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының профессор, э.ғ.д. СӘБДЕН О.С.
    Баяндама тақырыбы: «Аулыңа бәрібір бір оралатыныңды ұмытпа».
  4. «Тұран» университетінің ректоры, э.ғ.д., профессор АЛШАНОВ Р.А.
     Баяндама тақырыбы: «Ұлттық экономиканы әртараптандыру жағдайындағы инвестициялық саясаттың тиімділігі».
  5. «Нархоз Университеті» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, э.ғ.д., профессор СВЯТОВ С.А.
     Баяндама тақырыбы: «Банк секторының қаржы ресурстарын аумақтық бөлу туралы».
  6. «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор ЕСЕКИНА Б.К.
    Баяндама тақырыбы: «ЭЫДҰ-ның аймақтарды дамыту тұрақтылығын бағалау тәсілдері».
  7. ОрФУ экономика және менеджмент жоғары мектебі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, R-Economy журналының бас редакторы ТУРГЕЛЬ И.Д.
     Баяндама тақырыбы: «Цифрландыру жағдайында Ресей мен Қазақстандағы реттеуші әсерді бағалауды дамыту».