Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты 2020 жылғы 7 қазанда «ҒЫЛЫМИ ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖҮЙЕСІ: ТЕЖЕУШІ ФАКТОРЛАР МЕН ШЕШІМДЕР» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өткізд

Конференцияда коммерцияландыруды дамытуға байланысты келесі мәселелер талқыланды:

  • XXI ғасырдың жаһандық трендтері: ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың сын-тегеуріндері мен қатерлері;
  • Қазақстан экономикасының инновациялық қабылдағыштық трендтері;
  • технологияларды коммерцияландыру жүйесіндегі ғылымның рөлі;
  • Қазақстандағы ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру: мәселелері мен шешу жолдары;
  • Қазақстанның мықты аймақтық университеттері базасында аумақтық кластерлер құру мүмкіндіктері;
  • технологиялар трансферті мен ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру тиімділігін бағалау;
  • кәсіпорындардың абсорбциялық қабілеті инновациялық қабылдағыштың өсу факторы ретінде және т.б.

Конференция спикерлері:

АЛЕКСАНДР ЧУЛОК – Ғылыми-технологиялық болжау орталығының директоры, Статистикалық зерттеулер және білім экономикасы институты, ҰЗУ Жоғары экономика мектебі, Ресей Федерациясы;

ҚҰРМАНҒАЗЫ ОМАРОВ – «Ғылым қоры» АҚ Жобалық дирекциясының директоры,  т.ғ.к.

ӘБДІЛДӘ ШӘМЕНОВ– Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі мамандар альянсының президенті;

ЗЕЙЛХАН ТАҒАЕВ – «Агротехнологиялар трансферті мен коммерцияландыру орталығы» ЖШС бас директорының м.а.

ФАРХАД ДНІШЕВ – э.ғ.д., профессор, ҚР БҒМ ҒК Экономика институты;

АНДРЕЙ  ШЕЛОМЕНЦЕВ– э.ғ.д., профессор, РҒА Орал бөлімшесінің Экономика институты Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелерді зерттеу бөлімінің меңгерушісі, Ресей Федерациясы

МАРАТ МЫРЗАХМЕТ –  ф.-м.ғ.к., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ;

ГҮЛНАЗ ӘЛІБЕКОВАPhD, ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Ақпарат және ғылыми зерттеу нәтижелерін ендіру бөлімінің меңгерушісі

 ӘНЕЛ КИРЕЕВА– э.ғ.к., жетекші ғылыми қызметкер, ҚР БҒМ ҒК Экономика институты.