Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты Сіздерді «Ғылыми зерттеулердегі заманауи үрдістер: теориялық негіздер және деректерді талдау» тақырыбындағы біліктілікті арттырудың кешенді онлайн курсына қатысуға шақырады.
Әдіснамалық мектептің мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми зерттеулердің теориялық және әдістемелік негіздеріне, әдістер мен мәліметтерді талдауға, статистикалық бағдарламаларға практикалық оқыту.
Мақсатты аудитория: магистранттар, докторанттар, жас зерттеушілер, ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары.
Күні: 28 маусым – 2 шілде 2022 ж
Оқу форматы: Zoom және Wonder платформаларында
Курстың төлемі: 20 000 теңге (23 маусымға дейін тіркелу – 15 000 теңге)
Сертификаттар: Әдіснамалық мектептің қатысушыларына 72 сағаттық сертификаттар беріледі, оның ішінде теориялық және практикалық сабақтар, өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.
Қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/pqjfDPBzNMhqGyLP7
Әдіснамалық мектеп бағдарламасы
