«Ғылыми зерттеулер: теориялық негіздер және деректерді талдау»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, «Central Asia Research Club»қолдауымен құрылған әдіснамалық мектептің тұсаукесеріне қатысуға шақырады.

Әдіснамалық мектептің мақсаты ғылыми зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздеріне, әдістер мен деректерді талдауға, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша статистикалық бағдарламаларға кемінде 72 сағат көлемінде біліктілікті арттырудың ұзақ мерзімді курстары форматында практикалық оқыту болып табылады.

Мақсатты аудитория: магистранттар, докторанттар, жас зерттеушілер, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, ЖОО оқытушылары.  

Өткізу күні: 3 желтоқсан 2021 ж

Өткізу форматы: ZOOM және Wonder платформаларында   

Қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/3702948703?pwd=dCszK1FOZ2wvTkl0Ny9WcmtnMVVJZz09  

Конференция идентификаторы: 370 294 8703

Кіру коды: 198193

Жұмыстың басталуы-9: 00.

Жұмыстың аяқталуы – 18: 00

Әдістемелік мектептің қатысушыларына сертификаттар беріледі.

Қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/f6cdzL5hKzUEHJL97

Ақпараттық серіктес: Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU)