Басты бет

Экономика институты халықаралық ынтымақтастықты дамытуда

Экономика институты халықаралық ынтымақтастықты дамытуда

2025 жылдың 3 маусымында ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтында бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары Чуланова З.К., даму және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Г.Ж.Алибекова, жетекші ғылыми қызметкер А.А.Киреева Пенжаб университетінің профессоры Роб Наваз Лодхи (Пәкістан) мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында Р.Б.Лодхи мырзаның Экономика институтымен ғылыми серіктестігі, оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер, ғылыми және әдіснамалық семинарлар өткізу, журналға мақалалар әзірлеу жөніндегі сұрақтар талқыланды.