Кеше Алматыда ғылыми журналдардың халықаралық деңгейдегі серіктестік механизмдерін талқылауға арналған семинар өтті. Іс-шараға ғылыми журналдардың бас редакторлары, олардың орынбасарлары, ғылыми редакторлар, жауапты және техникалық хатшылар қатысты.
Семинардың басты баяндамасы экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор,«Экономика: стратегия және практика» журналының бас редакторы орынбасары Киреева Анель Ахметовнаның үлесіне тиді. Ол ғылыми журналдарды Scopus базасына енгізудің рәсімдік кезеңдерін егжей-тегжейлі талдап, Экономика институтының нақты тәжірибесімен бөлісті.
Семинар ашық талқылаумен аяқталды. Оның барысында қатысушылар ғылыми басылымдарды дамытудағы өзекті мәселелермен және практикалық шешімдермен алмасты.