Авторларға арналған ережелер

АВТОРЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

Редакция журналдың № 3/2014 шығарылымынан бастап, мақалаларды, сонымен бірге қосалқы материалдарды әзірлеу мен рәсімдеу ережелерінің өзгергендігіне назар аударады. Мақалаларды даярлау кезінде редакция журналға жариялануға өткізетін материалдарды рәсімдеуде төменде келтірілген ережелер мен талаптармен жетекшілік етуді сұранады.

  1. Жариялануға ұсынылатын мақалалар бұрын дәл сол күйінде басқа баспа және электрондық құралдарда жарияланбауы тиіс. Мақала мазмұны журналдың тақырыптық бағыттарына және ғылыми деңгейіне сәйкес келуі тиіс, белгілі бір жаңашылдығы болуы және ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, экономистер мен кәсіпорын менеджерлері, мемлекеттік басқару аумағындағы мамандар үшін қызығушылық танытуы тиіс. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады.Мақаланың көлемі ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары үшін – А 4 форматында 15 бетке дейін (5 мың сөз), докторант, магистранттар үшін – А 4 форматында 10 бетке дейін (3 мыңсөз) аспаукерек. Материал WORD мәтіндік редакторында 14 өлшемдегі TimesNewRoman шрифтімен арасы бір интервал арқылы жиынтықталу керек. Сызбалар, кестелер, диаграммалар, суреттер және басқа да кестелі материалдар қара-ақ нұсқада WORD мәтіндік редакторының (2003 нұсқадан үлкен емес) құралдарында, немесе векторлық графика бағдарламаларында (AdobeIllustrator, CorelDraw) орындалуы және электронды түрде түзетуге, өзгертуге мүмкіндігі болуы тиіс (растрлық емес, векторлық графика). Кестелі материалдар мәтін ішінде сілтемелер болуы және реттік номері мен атауы болуы керек. № 10 шрифт көлемінен төмен шрифт қолдануға болмайды. Әрбір кесте соңында мәлімет көзіне сілтеме көрсетілуі қажет. Формулалар MachType бағдарламасында немесе MCOffice 2003 қосымшасында орындалады және бүкіл мақала бойынша біркелкіде көрсетіледі. 
  2.  Мақала басында сол жағында ӘОЖ индексін көрсету қажет. Әрі қарай бет ортасында үлкен әріптермен (курсивпен) – авторлардың тегі, аты-жөндерінің бірінші әріптері, лауазымы, ғылыми деңгейі, одан соң ортасында кіші әріптермен – жұмыс орындалған ұйымның (ұйымдардың) және қаланың атауы, одан төменгі қатарда үлкен әріптермен (қаралаушрифтпен) – мақаланың атауы келтіріледі.
  3.  Аннотация жұмыстың мақсатын, оны жүргізудің әдісі мен әдістемесін, жұмыстың қысқаша нәтижелерін, оларды пайдалану аумағын, қорытындыларды көрсетуі тиіс. Аннотация көлемі 1/3 беттен кем болмауы қажет. Мақала тіліне тәуелсіз, аннотациялар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болуытиіс. Аннотациядан кейін аннотация тілінде негізгі сөздер көрсетілуі тиіс, олар кіші әріптермен үтір арқылы жазылады және 5 сөзден аспауы тиіс. 
  4.  Мақала мәтін іміндетті түрде бөлімдердің стандартты атауларын қолдану арқылы құрылуы тиіс: «Кіріспе», «Негізгібөлім», «Қорытынды». Қажет болған жағдайда бөлімдердің арнайы атаулары рұқсат етіледі. 
  5. Мақала соңында Қолданылған әдебиеттер тізімі(5 атаудан кем емес) келтіріледі. Мәтіндегі сілтемелер – шаршы жақшаларда орындалады. Әдебиеткөздерімәтіндедәйектеуретіменкөрсетіледі. Әдебиеттер тізіміндегі барлық әдебиет көздеріне мәтінде сілтемелер жасалуы тиіс. Қолданылған әдебиеттер тізімі Р 7..05-2008 «Библиографиялық сілтеме» Мемлекеттік стандартына сәйкес рәсімделеді. 
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін басқа базалар үшін жеке блогпен роман алфавиті бойынша әдебиеттер тізімі (References) көрсетіледі және ол онда шетелдік әдебиеттер көзінің бар-жоғына байланыссыз. Егер тізімде шетел жарияланымдарына сілтемелер жасалса, онда олар роман алфавиті (латын әліпбиі) бойынша жасалған тізімде толық қайталанады. References-те ажыратушы белгілер («//» және «–») қолданылмайды. Әдебиет көзінің атауы автордың аты-жөнінен шрифт типімен ерекшеленеді, көбінесе бұл кезде курсив, нүкте немесе үтір қолданылады. Библиографиялық сілтеменің құрылымы: авторлар (транслитерация), әдебиет көзінің атауы (транслитерация), шығарылымы туралы деректер, жақша ішінде мақала тіліне нұсқау. Ресейлік аудармалы журналдан мақалаға сілтеме көрсету мысалы: GromovS.P., FedorovaO.A., UshakovE.N., StanislavskiiO.B., LednevI.K., AlfimovM.V. Dokl. Akad. NaukSSSR, 1991, 317, 1134-1139 (inRuss.).
  7.  Жеке файлда мақалаға фотосуреттер мен автор туралы мәліметтер қосымша ретінде беріледі: мақала атауы, аты-жөні, жұмыс орнының – ұйымның толық атауы және мекен-жайы, лауазымы, байланыс телефоны, электронды пошта. Авторлық фотосуреттер түрлі-түсті, жоғары сапалы (айқын, анық), көлемі үлкен болуы тиіс. 300 dpi –нан кем емес рұқсаты бар, *.jpeg, *.tif немесе *.psd форматтарындағы фотосуреттер жіберіледі.

Көрсетілген талаптарға сай келмейтін қолжазбалар редакциямен қарастырылмайды және қайтарылмайды. Егер мақала қабылданбаса, редакция оны қабылдамау себептері туралыпікір талас жүргізбеуге құқылы. Қабылданған мақалаларға ішкі сын-пікір беріледі, ғылыми және әдеби түзетулержасалады. Түзетілген мақала авторға толықтыруға және бұрыштама қоюға жіберіледі. Толықтырылған қолжазба редакцияға 1 айдың ішінде көрсетілуі тиіс.
Төлем мақала номерге таңдалғаннан соң, редакция көрсеткен реквизиттер бойынша жасалады. Оның құнынажурналдың бір авторлық данасы кіреді.
Мақалалар электронды және баспа нұсқаларда – e-mail: ieconomkz@gmail.com немесе Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 29, Экономика Институты, 113 каб. мекен-жайына пошталық жөнелтумен қабылданады.