ҚР БҒМ ҒК Экономика институты 2019 жылғы 18 қазанда «Ғылым, экономика және қоғамның әлеуметтік жаңғыруы: шындық және перспективалар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. (Алматы қ., Ғылым ордасы, Концерт залы).
Конференцияның басты тақырыбы халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, әлемдік экономикалық жүйенің тұрақсыз дамуы және өсіп келе жатқан әлеуметтік теңсіздік жағдайында Қазақстан экономикасының ағымдағы жағдайы мен даму перспективалары мәселелері болды.
Конференцияда Экономика институтының «Қазақстанның үшінші технологиялық жаңғырту негізінде ғылыми сыйымды экономикаға бастар жолы: стратегиясы, дамыту модельдері мен тетіктері» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулерінің нәтижелері көрініс тапқан «Стратегия экономической безопасности и социальной стабильности общества Казахстана» кітабының тұсаукесері өтті.
Конференция жұмысына мемлекеттік билік органдарының, ғылым, білім және бизнес өкілдері, соның ішінде белгілі отандық және шетелдік ғалымдар қатысты: білім және ғылым вице-министрі Асылова Б.А., ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының директоры, ҚР ҰҒА академигі, э.ғ.д., профессор Сатыбалдин Ә.Ә., РФ РҒА президентінің орынбасары, РҒА корреспондент-мүшесі, э.ғ.д. Иванов В. В. (РФ), Миттвайда қолданбалы ғылымдар университетінің профессоры С. Велесько (Германия); International School of Advanced Learning тең құрылтайшысы М. Львова (АҚШ) және басқалар.