2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Экономика институты «Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің
негізі»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысы аясында «Экономика
приграничных районов: проблемы и перспективы развития (на примере Алматинской
области Казахстана)» /Монография /под ред. А.А. Сатыбалдина, Н.К. Нурлановой.
Алматы, Институт экономики КН МОН РК. — 2020. – 348 с. Кітабының тұсаукесері болды.
Дөңгелек үстел жұмысында
белгілі ғалымдар баяндама жасады:
- ҚР ҰҒА академигі ҚОШАНОВ А.Қ.
Баяндама тақырыбы: «Урбандалу және аумақтық дамудың әлеуметтік проблемалары». - ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми
қызметкері, э.ғ.д., профессор НҰРЛАНОВА
Н.К.
Баяндама тақырыбы: «Елдің аймақтық
дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен трендтері» - ҚР ҰИА академигі, д ҚР
БҒМ ҒК Экономика институтының профессор, э.ғ.д. СӘБДЕН О.С.
Баяндама тақырыбы: «Аулыңа бәрібір бір оралатыныңды ұмытпа». - «Тұран» университетінің
ректоры, э.ғ.д., профессор АЛШАНОВ Р.А.
Баяндама тақырыбы: «Ұлттық экономиканы әртараптандыру
жағдайындағы инвестициялық саясаттың тиімділігі». - «Нархоз Университеті» АҚ Директорлар кеңесінің
төрағасы, э.ғ.д., профессор СВЯТОВ С.А.
Баяндама тақырыбы: «Банк секторының қаржы ресурстарын аумақтық
бөлу туралы». - «Жасыл
Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор ЕСЕКИНА Б.К.
Баяндама тақырыбы: «ЭЫДҰ-ның аймақтарды дамыту тұрақтылығын
бағалау тәсілдері». - ОрФУ экономика және менеджмент жоғары мектебі
директорының ғылым жөніндегі орынбасары, R-Economy журналының бас редакторы ТУРГЕЛЬ И.Д.
Баяндама тақырыбы: «Цифрландыру жағдайында Ресей мен Қазақстандағы реттеуші әсерді бағалауды
дамыту».