2019 жылғы 28 ақпанда Нұрсұлтан
қаласында «Мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік инвестициялар тарту механизмі ретінде: модельдері және
тәжірибе» атты І Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты.
Өтетін орны: Қазақстан Республикасы, Нұрсұлтан қ., Сәтбаев көшесі, 2, ЕҰУ Оқу-әкімшілік (бас) корпусы, 259 ауд.