Басыт бет

CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE халықаралық конференциясы

CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE халықаралық конференциясы

   ҚР ҒЖБМ ҒК «Экономика институтының» бас директоры э.ғ.д., қауым.профессор Тургинбаева А.Н. 2024 жылдың 16-18 қазан айында Астана қаласында өткен CONNECTED 2024: REIMAGINING THE FUTURE халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияда 20-дан астам елден 1,5 мың делегат және әлемнің жетекші университеттерінен келген 100 аса ғалым мен өкілдер болды.  Негізгі спикерлер ретінде 50 аса жаһандық сарапшылар келді. Конференцияда «Болашақ білім және ғылым» және «Болашақты түсіну» атты үлкен екі тақырыптық вертикальда түрлі өзекті мәселелерге арналған панельдік сессиялар өтті.

   Іс-шара барысында «Экономика институтының» бас директоры түрлі отандық және халықаралық ЖОО зерттеушілері және өкілдерімен құнды мәліметтер алмасып, болашақта ғылым саласындағы жаңа серіктестіктер бойынша келіссөздер жүргізді.