ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі, PhD Молдабекова Айсұлу Тұрсынбайқызы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Жас ғалымдар кеңесінің президиумына мүше болып сайланды. Молдабекова А.Т. 20 қаңтар Астана қаласындағы «AMANAT» партиясының фракциясының жетекшісі Е.С. Бейсенбаев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Д.Ж. Ахмед-Заки, сондай-ақ Академия өкілдері мен жас ғалымдар қатысумен өткен жиынға қатысты. Жиында «Ғылыми-технологиялық саясат туралы» ҚР Заңына ұсыныстар талқыланды.