«Business Ethics of Immigrants and Their Acculturation: Cross-Cultural Research in Three Countries — Israel, Kazakhstan, and Uzbekistan» (№ 1001804219) халықаралық ғылыми-зерттеу жобасының аясында жоспарланған жұмыстар кестесіне сәйкес, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., қауым. профессор А.Н.Тургинбаева 2025 жылдың 9-16 мамыр аралығында Руппин академиялық орталығына (Израиль) сапар шекті. А.Н.Тургинбаева кездесу бағдарламасы аясында Орталық басшылығымен және жоба жетекшісімен кездесіп, бірлескен зерттеу жобасы аяқталған кезде өткізілетін болашақ семинардың форматы, бағдарламасы және қатысушылары туралы талқылады. Сонымен қатар ғалымдар Қазақстан, Өзбекстан және Израиль арасындағы тәжірибе алмасу және ғылыми коллаборацияның болашақ мүмкіндіктері туралы да сөз қозғады.


