Басты бет

Экономика институтының ғалымдары Миттвайда қолданбалы ғылымдар университеті базасында өткен жасанды интеллект жөніндегі халықаралық бағдарламаға қатысты.

Экономика институтының ғалымдары Миттвайда қолданбалы ғылымдар университеті базасында өткен жасанды интеллект жөніндегі халықаралық бағдарламаға қатысты.

ҚР ҒЖБМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі, профессор Сатыбалдин Азимхан Абилкаирович және ғылыми қызметкер Иманғали Жансая Ғабиденқызы

Германиядағы Миттвайда қолданбалы ғылымдар университеті ұйымдастырған «Integrated Internationalisation: Leveraging Artificial Intelligence» (Кешенді халықаралықтандыру: жасанды интеллектіні қолдану) халықаралық бастамаcына қатысты. Зерттеушілеріміз келесі тақырыптардағы семинарларда болып, шетелдік ғалымдармен пікір алмасты:

  • «Жеткізілімдер тізбегінің AI-менеджменті: аймақтық теңгерімсіздіктерді төмендету» (AI-driven Supply Chain Management for Reducing Regional Inequalities)
  • «Кірістерді үлестіруде ЖИ-құралдар бар халықаралық тәжірибелер интеграциясы» (Integrating International Practices with AI Tools in Income Distribution)
  • «Машиналық оқыту көмегімен табыстық теңсіздіктерді модельдеу және болжау» (Machine Learning-Based Modeling of Income Inequality)