Басты бет

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ STI-ENID 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КОМИТЕТІНДЕ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ STI-ENID 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ КОМИТЕТІНДЕ

Гүлназ Әлібекова – Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері және сыртқы байланыстар мен даму жөніндегі бас директордың орынбасары – 2026 жылғы 9-11 қыркүйек аралығында Бельгияның Антверпен университетінде өтетін Ғылым және технология көрсеткіштері жөніндегі 30-шы жыл сайынғы конференцияның (Conference on Science and Technology Indicators – STI-ENID) Ғылыми комитетінің құрамына шақырылды.

Аталған конференция ғылым мен технология көрсеткіштері, ғылыми зерттеулерді бағалау және осы салалардағы саясаттық салдарлар бойынша соңғы әзірлемелерді талқылау үшін жетекші ғалымдарды, саясаткерлерді және практик мамандарды біріктіреді. STI-ENID – Еуропада зерттеулерді өлшеу мен ғылыми саясат мәселелерімен айналысатын ең көне қауымдастықтардың бірі, ал 2026 жылы конференция өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.

STI-ENID 2026 конференциясының тақырыбы – «Жауапты ғылыми болашаққа арналған индикаторлар» (Indicators for a Responsible Research Future). Жауапты зерттеу (Responsible Research, RR) – бұл ғылыми қызметтің ықтимал салдарын және қоғамның күтілімдерін алдын ала болжау мен бағалауға негізделген, зерттеулердің инклюзивтілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған тәсіл.

Конференцияның негізгі тақырыптарына ғылыми зерттеулерді бағалау мен саясатта әртүрлілік, инклюзивтілік, ашықтық және тұрақтылық мәселелері кіреді. Қатысушылар ғылыми-техникалық индикаторлардың қоғамдық құндылықтарға, ұзақ мерзімді мақсаттарға және белгісіз болашақтың сын-қатерлеріне қалайша сәйкес келуі мүмкін екенін талқылайды.