2026 жылғы 22-23 қаңтарда Гонконг қаласында алғашқы «Туылым дағдарысы жөніндегі жаһандық форум: салдары мен шешімдері» өтті. Форумды Гонконг университеті жанындағы Yowa демография институтыұйымдастырды. Форумның мақсаты – туылымның жаһандық дағдарысына байланысты өзекті мәселелерді шешуге арналған пәнаралық тәсілдерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен мүдделі тараптарды біріктіру.
Ұйымдастыру комитетінің шақыруымен іс-шараға Экономика институтының қызметкерлері Әлжанова Фарида Газизовна және Әлібекова Гүлназ Жанатовна қатысты.
Форум ұйымдастырушылары үшін Қазақстанның табыс деңгейі жоғары орта елдермен салыстырғандағы салыстырмалы түрде жоғары туу деңгейі, сондай-ақ Қазақстанның туу көрсеткіштерін сақтай отырып экономикалық даму арасындағы тепе-теңдікті қалай қамтамасыз ететіні, әсіресе әйелдердің мүдделерін қорғау стратегиялары ерекше қызығушылық тудырды.
Әлжанова Фарида Газизовна – Институттың бас ғылыми қызметкері және BR10965247 бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының жетекшісі («Қазақстандағы демографиялық үдерістердің, көші-қон мен урбанизацияның факторларын, ерекшеліктері мен динамикасын зерттеу, цифрлық карталар мен болжамдар әзірлеу (2021–2023)») – «Demographic growth in Kazakhstan: socioeconomic, sociocultural and political factors»тақырыбында баяндама жасап, демографиялық саясаты жоғары тиімділігін көрсеткен бірегей ел ретінде Қазақстанға Форум қатысушыларының зор қызығушылығын туғызды.
Әлібекова Гүлназ Жанатовна, сыртқы байланыстар және даму жөніндегі директордың орынбасары, демографиялық құлдыраудың себептеріне арналған панельдік сессияда сөз сөйледі.
23 қаңтарда Ф.Г. Әлжанова мен Г.Ж. Әлібекова туылым дағдарысына алаңдаған жаһандық мүдделі тараптар үшін ынтымақтастық пен коммуникация тетіктерін құру, туу үрдістері, даму және адам әл-ауқатына қатысты көрсеткіштерді Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық индикаторларына енгізу, бизнес-қауымдастықты туылым дағдарысын шешуге тарту, сондай-ақ депопуляцияның ұзақ мерзімді салдарын зерттеуге маманданған академиялық қауымдастық пен арнайы құрылым (мысалы, ғылыми журнал) құру мәселелері талқыланған халықаралық пікірталасқа қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар «Жаһандық туылым дағдарысын шешу жөніндегі бастаманы» қабылдап, оған қол қойды. Бастамада жасанды интеллект дәуірінде де адамдардың маңыздылығы сақталатыны атап өтіледі: адамдар – гендердің, мәдениеттердің, тілдер мен дәстүрлердің тасымалдаушылары, әрі олар жеке тұлғалардың да, тұтас қауымдастықтардың да өмірін байытатын жасаушылар мен тұтынушылар болып қала береді.