Басты бет

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

19 ақпан күні Экономикалық зерттеулер институты (ERI) базасында «Қазақстанның экономикалық саясатының жаңа басымдықтары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға жетекші сарапшылар, академиялық орта өкілдері мен бейінді мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.

Басқосудың негізгі мақсаты  ұлттық экономиканы қазіргі жаһандық сын-қатерлерге бейімдеу бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу және өңірлік дамуды жалпыреспубликалық стратегиямен ұштастыру.

Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтының Бас директоры Еркін Садыков елдің экономикалық архитектурасындағы түбегейлі өзгерістер туралы баяндама жасады. Ол инвестиция тарту мен мемлекеттік ынталандыру шаралары үшін басым бағытқа ие салаларды айқындап берді.

Сондай-ақ, сарапшылар Қазақстан облыстарының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты дамудың сараланған тәсілдерін талқылады. Конституциялық реформаның өңірлердің экономикалық әлеуетіне әсеріне баса назар аударылды. Сонымен қатар, сарапшылар панелі аясында мемлекеттік қызметтің «сервистік моделі» қарастырылды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бейінді министрліктері мен ведомстволары үшін ұсыныстар пакеті әзірленетін болады.