Басты бет

Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті арттыру: мәселелері мен перспективалары

Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті арттыру: мәселелері мен перспективалары

Аңдатпа

Жобаның мақсаты – Қазақстан экономикасының цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерді зерттеу, ағымдағы жағдайын талдау мен экономикалық дамуға әсерін бағалау, экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1 кезең, 2023ж. — Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеу;

2 кезең, 2023ж. — ҚР өңірлерінде цифрлық ортада кадрлардың интеллектуалды дамуын бағалайтын авторлық әдістеме құрау және оны қолданып бағалау;

3 кезең, 2023ж. — Цифрлық экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 кезең, 2023ж. — Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздері зерттеледі;

2 кезең, 2024 ж. — ҚР өңірлерінде цифрлық ортада кадрлардың интеллектуалды дамуын бағалайтын авторлық әдістеме құралады және оны қолданып бағалау жүргізіледі;

3 кезең, 2025 ж. цифрлық экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірленеді.

2023ж. нәтижелері:

Жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті қалыптастыру мен күшейтудің теориялық аспектілері зерттелді. Цифрландыру жағдайында кадрлық әлеуетті күшейту факторлары мен қағидаттары анықталды. Цифрлық ортада жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті дамыту мен күшейтудің шетелдік тәжірибесі зерделенді. Жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша қолданыстағы әдістемелік тәсілдері жүйеленді.

Отандық басылымда 1 мақала жарияланды.

2024ж. нәтижелері:

Цифрлану жағдайындағы кадрлардың экономикалық дамуына әсерін бағалайтын авторлық әдістеме құрастырылды. ҚР өңірлері бойынша кадрлардың ағымдағы жағдайы талданды. Еңбек нарығындағы кадрлардың қызмет ету ерекшеліктерін анықтайтын аралас әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Авторлық әдістеме апробациядан өтті.

Отандық басылымдарда 4 мақала, шетелдік басылымдарда 1 мақала жарияланды.

2025 ж. 1-тоқсанның нәтижелері:

Цифрлық экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірленуде және жоғары интеллектуалды кадрлар әлеуетін күшейту мен нығайтудың басым бағыттары негізделуде.

Отандық басылымдарға 3 мақала және шетелдік басылымдарға 2 мақала жіберілді.