Басты бет

«ECONOMY: STRATEGY AND PRACTICE» ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН КҮШ БІРІКТІРДІ

«ECONOMY: STRATEGY AND PRACTICE» ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМДАРМЕН КҮШ БІРІКТІРДІ

13 наурыз күні Экономика институтының жұмыс тобы  бас редактордың орынбасары Киреева А.А., басредактор Нурмаханова М. және Чуланова З.К. «Economy: Strategy and Practice» журналының шетелдік редакцияалқасы мүшелерімен кездесу өткізді.

Кездесуді ашқан Киреева А.А. журналдың қазіргі даму барысы мен алдағы стратегиялық бағыттарытуралы баяндады. Оның айтуынша, редакция халықаралық Web of Science (WoS) базасына енуге өтініш беругедайындық аясында ғылыми деңгейді арттыру, мақалаларға қойылатын талаптарды күшейту және редакциялықсаясатты жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Маңызды жаңалық: журнал Clarivate Publisher Portal-ға ресми қол жеткізді. Бұл WoS базасына индекстелуүшін ресми процесті бастауға мүмкіндік береді.

Бас редактор Нурмаханова М. өз сөзінде редакция мен халықаралық алқа арасындағы тығыз байланыстыңжурналдың әлемдік ғылыми беделін нығайтудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында шетелдік редакторлар  Питер Карачони, Мохамед Эльхеддад, Раб Намаз Лодхи, ЛейлаАйваровна Гамидуллаева және Мёнг Киль Юн  журналдың дамуына белсенді үлес қосуға дайын екендіктерінбілдірді: арнайы тақырыптық шығарылымдар ұйымдастыру, халықаралық авторларды тарту және академиялықсеріктестікті кеңейту жоспарланып отыр.