Басты бет

ҒЫЛЫМДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

ҒЫЛЫМДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

«Ғылым апталығы» аясында қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы елдің жетекші зерттеушілеріне есігін айқара ашты. Академияның ғылыми қауымдастығы ҚР ҒЖБМ ғылым комитеті Экономика институтының «Zertteu LAB» зертханасының меңгерушісі, PhD Айсұлу Молдабековамен кездесті.

Кездесу барысында қатысушылар заманауи зерттеу тәжірибесінің басты мәселелерін, цифрлық құралдарды пайдалана отырып ғылыми зерттеулер жүргізу мен талдаудың әдістерін, деректерді жинау, өңдеу және талдаудың тиімді үдерісін қалай құру керектігін, сондай-ақ урбанистика, сәулет және дизайн саласының мамандары үшін қандай мүмкіндіктер ашылатынын жан-жақты талқылады.