Басты бет

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ ОРНЫ

ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ ОРНЫ

2025 жылғы 29 қазан. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі Декларациясының 35 жылдығына орай, Экономика институтында «Қазақстандағы жас ғалым: мүмкіндіктер, кедергілер және жарияланымдарға мотивация» атты дөңгелек үстел өтті.

Жиынға еліміздің жетекші ғылыми орталықтары мен университеттерінен жас PhD-мамандар мен зерттеушілер қатысты.

Талқылаудың негізгі бағыттары: ғылыми жарияланым белсенділігін арттыру, жасанды интеллект (ЖИ) пен цифрлық құралдардың зерттеу сапасы мен жылдамдығын арттырудағы нақты рөлі болды.

Дөңгелек үстел бағдарламасы қатысушыларға нақты әрі қолданбалы білім ұсынды: PhD докторы Олжас Әділханов диссертация жазу және оны табысты қорғауға қатысты практикалық кеңестерімен бөлісті. Turan University қауымдастырылған профессоры Нұрболат Нышанбай ЖИ-дің академиялық зерттеулер ландшафтын қалай өзгертіп жатқанын және оны бәсекелестік артықшылық үшін қалай пайдалану керектігін түсіндірді. Zertteu Lab жетекшісі Айсұлу Молдабекова кез келген мықты зерттеудің өзекті мәселесін – қажетті нәтиже алу үшін мәселені қалай дұрыс тұжырымдау керектігін ашып көрсетті.