Басты бет

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАРҒА ҚАЛАЙ ТАПСЫРУ КЕРЕК

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАРҒА ҚАЛАЙ ТАПСЫРУ КЕРЕК

2025 жылғы 02 желтоқсанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті базасында «Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері: заманауи тәсілдер және цифрлық технологиялар» атты оқыту бағдарламасы аясында Институт экономики КН МНВО РК сыртқы байланыстар және даму жөніндегі бас директордың орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, PhD, Алибекова Гульназ Жанатовна тарапынан «Халықаралық гранттарға зерттеу өтінімдерін (Research Proposal) әзірлеу және тапсыру» тақырыбында тренинг өткізілді.

Семинар барысында Гульназ Жанатовна Еуропалық Одақтың Horizon Europe бағдарламасы бойынша өтінім беру талаптарын, серіктестерді іздеу тетіктерін және сапалы зерттеу өтінімін дайындаудың негізгі кезеңдерін жан-жақты түсіндірді.

Өткізілген тренинг оқытушылар, жас зерттеушілер және докторанттар тарапынан жоғары қызығушылық тудырды.

Институт экономики ұйымдастырып отырған оқыту іс-шаралары ғылыми қауымдастықтың әдіснамалық дайындығын күшейтуге және Қазақстан Республикасындағы зерттеулердің сапасын арттыруға зор үлес қосуда.