ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ұжымы мен ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының өкілдері өзара іс-қимылды кеңейту мақсатында жұмыс бабындағы кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара ынтымақтастықтың басым бағыттары, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері, сондай-ақ ғылыми-талдамалық және сараптамалық қолдау тетіктері талқыланды.
ㅤ


