Басыт бет

Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің негізі

Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің негізі

2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Экономика институты «Аймақтардың қарқынды дамуы – Қазақстанның өркендеуінің
негізі»
тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында «Экономика
приграничных районов: проблемы и перспективы развития (на примере Алматинской
области Казахстана)» /Монография /под ред. А.А. Сатыбалдина, Н.К. Нурлановой.
Алматы, Институт экономики КН МОН РК. — 2020. – 348 с. Кітабының тұсаукесері болды.

Дөңгелек үстел жұмысында
белгілі ғалымдар баяндама жасады:

  1. ҚР ҰҒА академигі ҚОШАНОВ А.Қ.
    Баяндама тақырыбы: «Урбандалу және аумақтық дамудың әлеуметтік проблемалары».
  2. ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми
    қызметкері, э.ғ.д., профессор НҰРЛАНОВА
    Н.К.
     Баяндама тақырыбы: «Елдің аймақтық
    дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамалары мен трендтері»
  3. ҚР ҰИА академигі, д ҚР
    БҒМ ҒК Экономика институтының профессор, э.ғ.д. СӘБДЕН О.С.
    Баяндама тақырыбы: «Аулыңа бәрібір бір оралатыныңды ұмытпа».
  4. «Тұран» университетінің
    ректоры, э.ғ.д., профессор АЛШАНОВ Р.А.
     Баяндама тақырыбы: «Ұлттық экономиканы әртараптандыру
    жағдайындағы инвестициялық саясаттың тиімділігі».
  5. «Нархоз Университеті» АҚ Директорлар кеңесінің
    төрағасы, э.ғ.д., профессор СВЯТОВ С.А.
     Баяндама тақырыбы: «Банк секторының қаржы ресурстарын аумақтық
    бөлу туралы».
  6. «Жасыл
    Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры, э.ғ.д., профессор ЕСЕКИНА Б.К.
    Баяндама тақырыбы: «ЭЫДҰ-ның аймақтарды дамыту тұрақтылығын
    бағалау тәсілдері».
  7. ОрФУ экономика және менеджмент жоғары мектебі
    директорының ғылым жөніндегі орынбасары, R-Economy журналының бас редакторы ТУРГЕЛЬ И.Д.
     Баяндама тақырыбы: «Цифрландыру жағдайында Ресей мен Қазақстандағы реттеуші әсерді бағалауды
    дамыту».