Басыт бет

Қайырымдылық акциясы

Қайырымдылық акциясы

ҚР БҒМ ҒК
Экономика институты Жаңа жылдық корпоративтен бас тартып, жиналған жалпы сомасы
510000 теңгені құрайтын қаражатты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене
шынықтыру-сауықтыру орталығының пайдасына берді.

Талғар ауданы
Қызыл-Қайрат ауылындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дене
шынықтыру-сауықтыру орталығы тегін қызмет көрсетеді және 2 жыл ішінде тек
қайырымдылық көрсету мақсатында қызмет етеді. Орталықтың негізгі міндеттері:
спорттық-сауықтыру, емдеу-сауықтыру іс-шараларын, әлеуметтік-еңбекке
бейімделуді, мүгедектікке алып келетін әртүрлі аурулардан зардап шегетін
балаларға психологиялық-педагогикалық көмекті жүзеге асыру болып табылады.

Орталықта
балалар ЕДШ, логопед, дефектолог, психолог қызметтерін, жалпы білім беру бағдарламасы
бойынша білім алу мүмкіндігіне ие болып, вокалдық, хореографиялық, көркемөнер
таланттарын дамытады. Физиоемдеу алады, танымдық экскурсияларға шығады.
Оңалтудың негізгі бөлігі спортпен айналысу (жүзу, жеңіл атлетика, армрестлинг,
арбада бал билері, шахмат, тоғыз құмалақ) болып табылады.

Емдеу,
шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту арқасында Орталық
қамқорлығындағылар керемет нәтижелерге қол жеткізді. Орталықтың ресми
ашылғаннан бері 2 жыл ішінде 6 бала мүгедек арбасынан тұрды!!!