2024 жылы 16 -20 қазан аралығында 76шы рет өткен Франкфурт халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінде Қазақстан тұңғыш рет мемлекеттік қолдаумен жеке стенд алып, өз ұлттық құндылықтарымын таныстыруда үлкен қадам басты. Осы орайда, көрме-жәрмеңкенің алғашқы күні Қазақстан ұлттық стендінің ашылуында «Академик Оразалы Сәбденнің кітаптарын таныстыру және қазақ әдебиетіндегі жаңалықтар» тақырыбы бойынша презентациясы қонақтар мен қатысушыларға ағылшын тілінде таныстырылды. 18 қазанда Франкфурттегі Қазақстан Консулдығында көрмеге қатысқан отандастарды қабылдау іс-шарасында болып, 100 кітаптың авторы ҚР ҒЖБМ ҒА «Экономика институтының» бас ғылыми қызметкері, ғылыми кеңесшісі, э.ғ.д., ҰИА академигі Оразалы Сәбден 2016 жылы Кембридж Университеті баспасынан шыққан ПрофессорСәбден мен профессор Әшіровтың«XXI және болашақ ғасырлардағы адамзаттың өмір сүру стратегиясының тұжырымдамасы және азық-түлік қауіпсіздігі» кітабын және өзінің «Әлем,Түркі өркениеті Қазақстан Болашақ концепциясы» кітабының 3 тілде шыққан 2021 жылғы, және 2 тілде шыққан 2024 жылы басылған жаңа редакциясын таныстырды.
Көрме-жәрмеңкеде халықаралық деңгейдегі сарапшылар және мамандар қатыстқан түрлі секциялар жүргізілді, осы сәтті пайдаланып, Еуропалық комиссияның мәдениет, шығармашылық және спорт департаментінің директоры Георг Хауслермен, Hachette book Group компаниясының бас директоры Дэвид Шеллимен, Om International Group баспа холдингінің топ менеджері Мохинда Сахни, Түркия мәдениет және туризм министрлігі, халықаралық жәрмеңкелер және промоушн департаменті директоры Доктор Суле У Аиданмен қысқаша сұхбат құрып, Академик Оразалы Сәбденнің 2021 жылы 3 тілде шыққан «Әлем,Түркі өркениеті Қазақстан және Болашақ» кітабы сыйға тартылды. Спикерлер кітаптың мазмұнын қарап, оған жоғары баға берді.