Басыт бет

Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы

Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы

Бас директордың даму және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары

Калиева Сауле Ауганбаевна, экономика ғылымдарының доктор, мамандығы 08.00.14. – «Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар», қауым.профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.

ORCID: 0000-0003-0533-2728

Researcher ID: Y-8598-2019 (H-index- 1)

Author ID (ҒЦРИ): 567473 (H-index- 3)

Scopus ID: 57204160377 (H-index-3)

1986 жылы Алматы халық шаруашылық институтын «Өндірісті жоспарлау» мамандығы бойынша аяқтады.

1997 жылы ҚР ҒА Экономика институтында аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді.

2009 жылы – қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.

2010 жылы «Әлемдік шаруашылық және халықаралық экономикалық қатынастар» 08.00.14. мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.

2018 жылы – «Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі» атағы берілді.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті Экономика институты

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика институты

1988 жылдан бүгінгі күнге дейін еңбек тәжірибесі:

– инженер-нормалаушы;

– Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Экономика институты 08.00.05. «Экономика, жоспарлау, ұйымдастыру және өндірісті басқару» мамандығы бойынша күндізгі аспирантура;

– Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика институтының экономисті;

– Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы Экономика институтының кіші ғылыми қызметкері;

– ҚР БҒМ Экономика институты фундаменталды зерттеулер Бағдарламасының Ғалым хатшысы;

– ҚР БҒМ Экономика институты аға ғылыми қызметкері;

– ҚР БҒМ Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері;

– ҚР БҒМ Экономика институты ғылым жөніндегі директор орынбасарының міндетін атқарушы;

– ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, еңбек және адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі;

– ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтік жаңғырту және адами капиталды дамыту Орталығының жетекшісі;

– ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, әлеуметтік мәселелер бөлімінің меңгерушісі;

– ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, әлемдік экономика және халықаралық экономикалық қатынастар бөлімінің меңгерушісі;

– ҚР БҒМ Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, бас директордың даму және сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары.

ҚР БҒМ БҒСБК жанындағы сараптамалық кеңестің мүшесі (2016 ж.),

Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі (2014 ж.),

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі (2017-2019 жж.),

К.А.Сағадиев атындағы халықаралық бизнес Университеті жанындағы диссертациялық кеңестің мүшесі (2021-2023 жж.),

«Содружество» Халықаралық университетінің Анықтамалығы және әлемдік экономика және халықаралық қатынастар Институты редакциялық алқасының мүшесі (Ресей-Қазақстан);

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институты «Экономика, стратегия және тактика» журналының редакциялық алқасының мүшесі және тақырыптық редакторы.

170-тен аса басылымдардың авторы, соның ішінде ұжымдық монографиялар, SCOPUS, WOS жарияланымдары, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті  ұсынған журналдарда жарияланған мақалалар.

ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының Құрмет грамотасымен марапатталды (2011 ж., 2013 ж., 2022 ж.), ҚР БҒМ ҒК Экономика институтының 60-жылдығына орай Алғыс хат (2012 ж.), Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржылық университетінің Құрмет грамотасы – Мәскеу қ., Ресей – 2015 ж., ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2016 ж., 2017 ж., 2018 ж.); «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» награда белгісі (22 желтоқсан 2022 ж.)