Басыт бет

AP23488981 «Технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында Қазақстанның еңбек ресурстарын трансформациялау: жаңа сапа, модель, сценарийлер» 

AP23488981 «Технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында Қазақстанның еңбек ресурстарын трансформациялау: жаңа сапа, модель, сценарийлер» 

Жобаның ғылыми жетекшісі — Қалиева Сәуле Ауғанбайқызы, э.ғ.д., ассоц. профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері.

Жобаның мақсаты — технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында еңбек ресурстарын трансформациялаудың тұжырымдамалық моделін әзірлеу және әлеуетін айқындау, Қазақстанның еңбек нарығындағы асимметрия тәуекелдері мен жаңа триггерлерді ескере отырып, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған трансформациялау сценарийлерін әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

1-кезең — 2024 ж. – еңбек ресурстарын трансформациялаудың тұжырымдамалық моделін әзірлеу Міндеттерді іске асыру тәсілдері: — еңбек ресурстарының сапасын анықтаудың теориялық және әдіснамалық негіздерін және технологиялық сын-тегеуріндерді тереңінен зерттеу; — еңбек ресурстарын трансформациялау факторларын, ұйымдық-экономикалық жағдайларын жіктеу және саралау, цифрландыру жағдайында олардың көрінуінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау; — еңбек нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз етуде еңбек ресурстарының сапалы трансформациясын бағалау критерийлері мен индексін айқындау; — технологиялық өзгерістерді ескере отырып, еңбек ресурстарын тиімді трансформациялаудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды Қазақстан жағдайына бейімдеу мүмкіндігін негіздеу.

2-кезең — 2025 ж. – технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында Қазақстанның еңбек ресурстарын трансформациялау әлеуетін анықтау Міндеттерді іске асыру тәсілдері: — еңбек ресурстарының құрылымына кешенді талдау жүргізу (жыныстық-жас, өңірлік, біліктілік-құзыреттілік, салалық бөлу) және т.б.; — еңбек ресурстарының сапалық сипаттамаларының цифрлық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келу деңгейін анықтау; — еңбек ресурстары нарығындағы асимметриялар мен жаңа триггерлерді анықтау.

3-кезең — 2026 ж. — Қазақстанның еңбек нарығындағы асимметрия тәуекелдері мен жаңа триггерлерді ескере отырып, орта және ұзақ мерзімді перспективаға арналған еңбек ресурстарын трансформациялау сценарийлерін әзірлеу Міндеттерді іске асыру тәсілдері: — еңбек нарығындағы асимметрия тәуекелдері мен жаңа триггерлерді ескере отырып, еңбек ресурстарын трансформациялау алгоритмін негіздеу; — еңбек ресурстарын орта және ұзақ мерзімді перспективаға трансформациялау сценарийлерін әзірлеу; — жаңа технологияларды енгізу жағдайында сапалы еңбек ресурстары нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттарын негіздеу; — еңбек ресурстарының құрылымын трансформациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдарды әзірлеу.

Жобаның күтілетін нәтижелері:

1-кезең — 2024 ж. — технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында еңбек ресурстарын трансформациялаудың тұжырымдамалық моделі әзірленді, еңбек ресурстарын трансформациялау факторларын, жағдайлары жіктелді және сараланды, цифрландыру жағдайында олардың көрінуінің өзіндік ерекшеліктері анықталды, еңбек нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз етуде еңбек ресурстарын сапалы трансформациялауды бағалау индексі ұсынылды, еңбек ресурстарын трансформациялаудың әлемдік тәжірибесі зерделенді және оның Қазақстан жағдайына бейімделу бағыттары негізделді.

2-кезең — 2025 ж. – технологиялық сын-тегеуріндер жағдайында Қазақстанның еңбек ресурстарын трансформациялау әлеуеті айқындалды, еңбек ресурстарының құрылымына (жыныстық-жас, өңірлік, біліктілік-құзыреттілік, салалық бөлу) және т.б. кешенді талдау жүргізілді, еңбек ресурстарының сапалық сипаттамаларының цифрлық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес келу деңгейі айқындалды; еңбек ресурстары нарығындағы асимметриялар мен жаңа триггерлер анықталды.

3-кезең — 2026 ж. – еңбек ресурстарын орта және ұзақ мерзімді перспективада трансформациялау сценарийлері әзірленді, еңбек нарығындағы асимметрия тәуекелдері мен жаңа триггерлерді ескере отырып, еңбек ресурстарын трансформациялау алгоритмі негізделді, жаңа технологияларды енгізу жағдайында сапалы еңбек ресурстары нарығын қалыптастырудың негізгі бағыттары негізделді, еңбек ресурстарының құрылымын трансформациялау және олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар әзірленді.