Басыт бет

Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті арттыру: мәселелері мен перспективалары

Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті арттыру: мәселелері мен перспективалары

Аңдатпа

Жобаның мақсаты – Қазақстан экономикасының цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерді зерттеу, ағымдағы жағдайын талдау мен экономикалық дамуға әсерін бағалау, экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Жобаның міндеттері:

1 кезең, 2023ж. – Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздерін зерттеу;

2 кезең, 2023ж. – ҚР өңірлерінде цифрлық ортада кадрлардың интеллектуалды дамуын бағалайтын авторлық әдістеме құрау және оны қолданып бағалау;

3 кезең, 2023ж. – Цифрлық экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 кезең, 2023ж. – Қазақстан экономикасын цифрландыру жағдайында жоғары интеллектуалды кадрлық әлеуетті күшейту бойынша теориялық-әдіснамалық негіздері зерттеледі;

2 кезең, 2024 ж. – ҚР өңірлерінде цифрлық ортада кадрлардың интеллектуалды дамуын бағалайтын авторлық әдістеме құралады және оны қолданып бағалау жүргізіледі;

3 кезең, 2025 ж. цифрлық экономикада кадрларды пайдалануды жаңғырту бойынша практикалық ұсынымдар әзірленеді.