Басыт бет

Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты 2024 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстанның инклюзивті және орнықты дамуы: аймақтық перспективасы»аттытақырыбына Дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты 2024 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстанның инклюзивті және орнықты дамуы: аймақтық перспективасы»аттытақырыбына Дөңгелек үстел өткізді.

Қазақстан Республикасы ҒЖБМ Ғылым комитетінің Экономика институты 2024 жылғы 20 желтоқсанда «Қазақстанның инклюзивті және орнықты дамуы: аймақтық перспективасы« аттытақырыбына Дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел жұмысына белгілі отандық және шетелдік ғалымдар мен практиктер, мемлекеттік басқару органдарының, жоғары оқу орындарының, бизнес және қоғам өкілдері қатысты, олардың ішінде: ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас директоры, э.ғ.д., қауым.профессоры Тұрғынбаева А. Н.; ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары, э.ғ.д.  Рау А. П.; ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., профессор, ҚР ХАА академигі Нұрланова Н.Қ.; э.ғ.д., профессоры, ҚР ҰҒА академигі Баймуратов О. Б.; э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин А. А.; Орталық Флорида Университетінің (АҚШ) PhD, профессоры Стефан Пратт; Орал федералды университеті Экономика және басқару институтының (РФ) Экономика және менеджмент мектебінің директоры, э.ғ.д., профессор Тургель И.Д.; Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің (Өзбекстан) э.ғ.д., PhD, профессоры  Сұлтанова Л.Ш.; ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның бас ғылыми қызметкері,э.ғ.д., профессоры  Алпысбаева С.Н.; ҚР ҰЭМ «ИЭИ» АҚ-ның Ахуалдық орталығының басшысы – басқарушы директоры э.ғ.к. Мұқан Б. Ғ.;  «Жасыл Академия» ҰБО директоры э.ғ.д., профессоры Есекина Б. Қ.; Жария емес акционерлік қоғамы «Нархоз университетінің»  э.ғ.д., профессоры Өмірзақов С.Ы.; ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының жетекші ғылыми қызметкері, э.ғ.к., доцент Бірімбетова Н.Ж.; ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының бас ғылыми қызметкері, э.ғ.д., қауым.профессоры Әлжанова Ф. Ғ.; Шығыстану институты директорының орынбасары э.ғ.д., профессоры Дүйсен Ғ.М.; Ғылыми-зерттеу институтының э.ғ.д. Берешев С.Х.; Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің г.ғ.д., профессоры Нюсупова Г. Н.; Философия, саясаттану және дінтану институтының э.ғ.д., профессоры Додонов В.Ю.; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кафедра меңгерушісі PhD Салауатова Д. М. және басқалары аталған іс-шараға қатысты.

Дөңгелек үстелде инклюзивті өсудің өзекті мәселелері мен перспективалары және аймақтық аспектіде орнықты дамудың жаһандық мақсаттарына қол жеткізу, оның ішінде: аймақтық саясатты іске асырудың моделін, заңнамалық негіздері мен әдістерін жетілдіру; толық қамтылған және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету; қалалар мен ауылдық аумақтарды орнықты дамыту; урбанизация және агломерация; бюджетаралық қатынастар; инновацияларды цифрландыру және енгізу; төмен көміртекті дамуға көшудің басымдықтары; халықтың шамадан тыс аймақтық теңсіздігін және поляризациясын төмендету; толық және нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету; кедейлікті еңсеру; тұтыну мен өндірістің ұтымды моделіне көшу; ауылдық туризмді дамыту сияқты мәселелер талқыланды, сондай-ақ AP23488456 «Қазақстанның проблемалық аймақтардың экономикасы мен әлеуметтік саласының даму теңгерімсіздігі және олардың тәуекелдері: факторлар, бағалау, ықтимал сценарийлер, нивелирлеу тетіктері» жобасы бойынша институттың зерттеу нәтижелеріде талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Қазақстан экономикасының аймақтық дамуын жетілдіру бойынша ұсыныстармен мен шешімдер қабылдады және э.ғ.д., профессоры Нұрланова Н.Қ. мерейтойымен құттықтады.