Жобаның мақсаты — гендерлік теңдіктің теорияларын, модельдерін және қазіргі заманғы тәсілдерін зерттеу негізінде ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын арттырудың тұжырымдамалық ережелерін әзірлеу, Қазақстанның ауылдық аудандарындағы табиғи, әлеуметтік, экономикалық және цифрлық ресурстарға қол жеткізу деңгейін бағалау, кедейлік ауқымын қысқартудың тетіктері мен бағыттарын негіздеу.
Жобаның міндеттері:
1 кезең, 2022 ж. — теңдікті қамтамасыз етудің гендерлік практикасының теорияларын, модельдерін және заманауи тәсілдерін зерттеу және ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын арттырудың тұжырымдамалық ережелерін негіздеу.
2 кезең, 2023ж. – қолжетімділік көрсеткіштеріндегі гендерлік алшақтықтарды бағалаудың авторлық әдістемесін әзірлеу Қазақстанның ауылдық аудандарындағы табиғи, әлеуметтік, экономикалық және цифрлық ресурстарға (бастапқы және қайталама деректер негізінде).
3 кезең, 2024ж. — кедейлік ауқымын қысқарту мақсатында Қазақстанның ауыл әйелдерінің ресурстарға тең емес қол жеткізуін еңсеру жөніндегі тетіктер мен бағыттарды негіздеу. Кедейлік ауқымын қысқарту мақсатында Қазақстанның ауыл әйелдерінің ресурстарға қолжетімділігін кезең кезеңімен кеңейту бойынша 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу
Күтілетін нәтижелер. Зерттеу қорытындысы бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін болады:
— ауыл әйелдерінің өмір сүру сапасын арттырудың тұжырымдамалық негіздері ұсынылатын болады;
— әзірленген авторлық әдістеме негізінде Қазақстанның ауылдық аумақтары халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы талданатын болады, сондай-ақ гендерлік айырмашылықтардың кешенді индексі ұсынылатын болады;
— Қазақстанның ауыл әйелдерінің табиғи, әлеуметтік, экономикалық және цифрлық ресурстарға тең емес қолжетімділігін еңсеру тетіктері негізделетін болады.