Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары
Зауре Казбековна Чуланова, экономика ғылымдарының кандидаты, мамандығы 08.00.01 – Экономикалық теория (2000 ж.).
Алматы халық шаруашылығы институтын үздік бітірген. 1996-1998 жылдары Париж-1 Пантеон-Сорбонна университетінде DEA (докторантура) оқыды (Париж, Франция).
«Болашақ» және «IREX» бағдарламаларының (АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазіргі заманғы халықаралық зерттеулер бағдарламасы, Вашингтон қ.), Зальцбург жаһандық семинарының, ХВҚ, Біріккен Вена институтының білім беру — зерттеу бағдарламаларының стипендиаты.
АДБ институтының шақырылған зерттеушісі (Токио қ., Жапония).
Брандей университетінің шақырылған профессоры (Бостон, АҚШ).
Дүниежүзілік Банктің, Азия Даму Банкінің, БҰҰ ДБ, UNECE және т.б. әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі зерттеу жобаларының басшысы және орындаушысы.
Гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі және ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының нысаналы қаржыландыру бағдарламасы тапсырмаларының жауапты орындаушысы (2014-2024 жж.).
Қазақстанда және шетелде 250-ден астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде Scopus және Web of Science индекстелген басылымдардың авторы, дәрістер курсының авторы, 11 монографияның тең авторы.
«Экономика: стратегия және практика» журналының ғылыми редакторы;
«Journal of Human Resource Management» (USA) редакциялық алқасының мүшесі.