Басыт бет

Чуланова Зауре Казбековна

Чуланова Зауре Казбековна

Бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары

Зауре Казбековна Чуланова, экономика ғылымдарының кандидаты, мамандығы 08.00.01 – Экономикалық теория (2000 ж.).

Алматы халық шаруашылығы институтын үздік бітірген. 1996-1998 жылдары Париж-1 Пантеон-Сорбонна университетінде DEA (докторантура) оқыды (Париж, Франция).

«Болашақ» және «IREX» бағдарламаларының (АҚШ Мемлекеттік департаментінің қазіргі заманғы халықаралық зерттеулер бағдарламасы, Вашингтон қ.), Зальцбург жаһандық семинарының, ХВҚ, Біріккен Вена институтының білім беру – зерттеу бағдарламаларының стипендиаты.

АДБ институтының шақырылған зерттеушісі (Токио қ., Жапония).

Брандей университетінің шақырылған профессоры (Бостон, АҚШ).

Дүниежүзілік Банктің, Азия Даму Банкінің, БҰҰ ДБ, UNECE және т.б. әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі зерттеу жобаларының басшысы және орындаушысы.

Гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі және ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының нысаналы қаржыландыру бағдарламасы тапсырмаларының жауапты орындаушысы (2014-2024 жж.).

Қазақстанда және шетелде 250-ден астам ғылыми жарияланымдардың, оның ішінде Scopus және Web of Science индекстелген басылымдардың авторы, дәрістер курсының авторы, 11 монографияның тең авторы.

«Экономика: стратегия және практика» журналының ғылыми редакторы;

«Journal of Human Resource Management» (USA) редакциялық алқасының мүшесі.