Басыт бет

Цифрландыру жағдайындағы Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы: жағдайды бағалау және атлас әзірлеу

Цифрландыру жағдайындағы Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы: жағдайды бағалау және атлас әзірлеу

Жобаның мақсаты – Инновациялық жүйелердің әртүрлі түрлері шеңберінде инновациялық инфрақұрылымның мәнін теориялық-әдіснамалық негіздеу, Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жай-күйін бағалау және атласын әзірлеу.

Жобаның міндеттері:

1 кезең, 2023ж. – Инновациялық жүйелердің әртүрлі түрлері шеңберіндегі инновациялық инфрақұрылымның мәнін теориялық-әдіснамалық негіздеу: инновациялық инфрақұрылымның анықтамалары және оның құрылымын негіздеу; инновациялық жүйелердің әртүрлі түрлері (ұлттық, өңірлік, технологиялық, секторлық) шеңберінде инновациялық инфрақұрылымның ерекшеліктерін анықтау; цифрландырудың инновациялық инфрақұрылымды дамытуға әсерін зерделеу; инновациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы цифрлық модельдер мен ақпараттық жүйелерді талдау және жүйелеу.

2 кезең, 2024ж. – Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының жай-күйін бағалау: Қазақстанның ұлттық және өңірлік деңгейдегі инновациялық инфрақұрылымын талдау; цифрлық кеңістіктегі инновациялық инфрақұрылым объектілерінің ұсынылу деңгейін бағалау; Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым объектілері туралы бастапқы деректерді жинау және өңдеу; Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымы объектілерінің паспорттарын салу.

3 кезең, 2025ж. – Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының атласын әзірлеу:  «Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының атласы» цифрлық ақпараттық жүйесін құру жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу; «Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының атласы» ақпараттық жүйесін құру және толықтыру; Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым объектілерін виртуалдандыру жөніндегі басым бағыттарды айқындау; Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын цифрландыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

1 кезең, 2023 жыл – Инновациялық инфрақұрылымның анықтамалары мен құрылымы негізделген. Инновациялық жүйелердің әртүрлі түрлері (ұлттық, өңірлік, технологиялық, секторлық) шеңберінде инновациялық инфрақұрылымның ерекшеліктері анықталды. Цифрландырудың инновациялық инфрақұрылымды дамытуға әсері зерделенді. Инновациялық инфрақұрылымды дамыту саласындағы цифрлық модельдер мен ақпараттық жүйелер талданды және жүйеленді;

2 кезең, 2024 жыл – Қазақстанның ұлттық және өңірлік деңгейдегі инновациялық инфрақұрылымы талданған. Цифрлық кеңістіктегі инновациялық инфрақұрылым объектілерінің ұсынылу деңгейі бағаланды. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым объектілері туралы бастапқы деректер жиналды және өңделді. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым объектілерінің паспорттары салынды.

3 кезең, 2025 жыл – «Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымының атласы» цифрлық ақпараттық жүйесін құру бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым атласы» ақпараттық жүйесі құрылып, толтырылды. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылым объектілерін виртуалдандыру бойынша басым бағыттар айқындалды. Қазақстанның инновациялық инфрақұрылымын цифрландыру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.