Басыт бет

Әдіснамалық мектеп «Ғылыми зерттеулердегі заманауи үрдістер: теориялық негіздер және деректерді талдау»

Әдіснамалық мектеп «Ғылыми зерттеулердегі заманауи үрдістер: теориялық негіздер және деректерді талдау»

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым
комитетінің Экономика институты Сіздерді «Ғылыми зерттеулердегі заманауи
үрдістер: теориялық негіздер және деректерді талдау» тақырыбындағы біліктілікті
арттырудың кешенді онлайн курсына қатысуға шақырады.

Әдіснамалық мектептің мақсаты – әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар бойынша
ғылыми зерттеулердің теориялық және әдістемелік негіздеріне, әдістер мен
мәліметтерді талдауға, статистикалық бағдарламаларға практикалық оқыту.

Мақсатты аудитория: магистранттар, докторанттар, жас зерттеушілер,
ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары.

Күні: 28 маусым — 2 шілде 2022 ж

Оқу форматы: Zoom және Wonder платформаларында

Курстың төлемі: 20 000 теңге (23 маусымға дейін тіркелу – 15 000 теңге)

Сертификаттар: Әдіснамалық мектептің қатысушыларына 72 сағаттық
сертификаттар беріледі, оның ішінде теориялық және практикалық сабақтар,
өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар.

Қатысу үшін тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/pqjfDPBzNMhqGyLP7

Әдіснамалық мектеп бағдарламасы