Басыт бет

Экономика институты қызметкерлерінің ICSD 2024 конференциясына қатысуы және Еуропалық тұрақты даму орталығымен Меморандумға қол қоюы

Экономика институты қызметкерлерінің ICSD 2024 конференциясына қатысуы және Еуропалық тұрақты даму орталығымен Меморандумға қол қоюы

ҚР БЖҒМ ҒК «Экономика институтының» қызметкерлері э.ғ.д., қауым.профессор Альжанова Ф.Г., э.ғ.д., қауым.профессор Тлеубердинова А.Т., э.ғ.д., профессор Нурланова Н.К. «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» BR21882122 мегагрантының тапсырмаларын орындау аясында 2024 жылдың 11-12 қыркүйегінде «Creating a unified foundation for the Sustainable Development: research, practice and education» («Біріңғай тұрақты даму іргетасын қалау: зерттеулер, практика және білім») тақырыбында өткен Тұрақты даму халықаралық конференциясының 12-отырысына  (12th ICSD 2024) қатысты.

Конференцияға тұрақты дамудың түрлі аспектілеріндегі мәселелерді зерттеп жатқан 80 елден келген түрлі өкілдер қатысып, конференция ауқымды өтті. Конференцияны Еуропалық тұрақты даму орталығы (European Center of Sustainable Development — ECSDEV) Eventi римдік конгресс-орталығында ұйымдастырды.

Экономика институтының қызметкерлері Альжанова Ф.Г., Тлеубердинова А.Т. және Нурланова Н.К. «Food security and self-sufficiency as a factor of country’s sustainable development: assessment methods and solutions» («Азық-түлік қауіпсіздігі және өзін-өзі қамтамасыз ету елдің тұрақты даму факторы ретінде: бағалау әдістері және шешу эжолдары») және«Sustainable Development Goals — Challenges for Western Macroregion of Kazakhstan (Aktobe, Atyrau, Mangystau, West-Kazakhstani regions» (Тұрақты даму мақсаттары – Қазақстанның батыс мегааймағындағы (Ақткөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары) сын-қатерлер) тақырыптарындағы баяндамаларын оқыды. Қазақстан жөніндегі баяндамаларға қатысушылар үлкен қызығушылық танытты.

12th ICSD 2024 конференциясында қатысушылар идеяларымен алмасты, мәселелерді, әдіснамаларды талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша ҚР ҒЖМБ ҒК «Экономика институты» мен Еуропалық тұрақты даму орталығы арасында Меморандумға қол қойылды, конференция материалдарында баяндама тезистері жаияланды және қызметкерлерімізге қатысқаны үшін Алғысхаттар берілді.