Басыт бет

Экономика институтының ғылыми қызметкерлері «Ресей қалалары: өсу локомотиві» VIII жалпыресейлік стратегиялық даму форумына және «Ресей аймақтары өзгерістер назарында» XIX халықаралық конференциясына қатысты.

Экономика институтының ғылыми қызметкерлері «Ресей қалалары: өсу локомотиві» VIII жалпыресейлік стратегиялық даму форумына және «Ресей аймақтары өзгерістер назарында» XIX халықаралық конференциясына қатысты.

ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының ғылыми қызметкерлері э.ғ.д., ҚР ҰҒА академигі Сатыбалдин А.А., бғқ, э.ғ.к., доцент Панзабекова А.Ж., ғылыми қызметкер Сулейменова А.Ш. 2024 жылдың 13-17 қарашасы аралығында Екатеринбург қаласының әкімшілігі, Стратегиялық зерттеулер орталығы, Ресей қалаларының одағы, УрФУ экономика және менеджмент институты, Орал федералдық университеті Сараптамалық талдау орталығымен және «Эксперт-Урал» журналымен бірлесіп ұйымдастырылған «Ресей қалалары: өсу локомотиві» VIII жалпыресейлік стратегиялық даму форумына және «Ресей аймақтары өзгерістер назарында» XIX халықаралық конференциясына қатысты.

Форум және халықаралық конференция асында Экономика институтының ғылыми қызметкерлері жаңартылатын энергиялар өндірісі және пайдалы қазбаларға сұраныс, ресурстар дефициті және жоғары геосаяси шиеленіс жағдайларындағы бәсекелестік, технологиялық жетістіктердің энергетикалық нарықтарға ықпалы, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық жаһандық энергетикалық ауысу сын-қатерлеріне және т.б. өзекті мәселелерге арналған бірқатар сессияларға қатысты.