Экономика институтының қызметкерлері Ф.Г. Альжанова, Н. К. Нұрланова, А. Т. Тілеубердинова Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде өткен, экономика ғылымдарының докторы, профессор, республиканың білім беру ісінің құрметті қызметкері Каренов Рашит Саттарұлының 80 жылдығына арналған «Менеджмент және бизнес: құрылымдық қайта құрулар және XXI ғасырдағы менеджмент ғылымын дамытудың перспективалық бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияcына қатысты.
Конференцияда 4 баяндама жасалды, оның ішінде пленарлық отырыста 2 баяндама ұсынылды.
Бірінші баяндама «Батыс Қазақстан өңірлеріндегі орнықты дамудың әлеуеті мен сын-қатерлері» тақырыбында жасалды (Ф.Г. Альжанова, А.Т. Тілеубердинова, Н. К. Нұрланова). Экономика институтының қызметкерлері конференция қатысушылары алдында BR21882122 «Жасыл даму контекстінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи-шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерінің тұрақты дамуы: кешенді талдау, тұжырымдама, болжамдық бағалау және сценарийлер» бағдарламасымен және зерттеулердің негізгі нәтижелерімен танысты.
«Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының теңгерімсіздігі және оларды қысқарту мүмкіндіктері» атты екінші баяндама (Н.К. Нұрланова, Ф.М. Днишев) AP23488456 «Қазақстанның проблемалы өңірлерінің экономикасы мен әлеуметтік саласының даму теңгерімсіздігі және олардың тәуекелдері: факторлар, бағалау, ықтимал сценарийлер, теңестіру тетіктері» жобасы шеңберінде ұсынылды. Онда Батыс Қазақстан өңірлерінің мысалында әлеуметтік-экономикалық дамудың диспропорциясының негізгі себептері мен ауқымы ашылған және өңірлік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар негізделген.
Сондай-ақ пленарлық отырыста ҚР ҒЖБМ Экономика институтының «Қазақстанның инклюзивті өңірлік дамуы: тұжырымдамалық негіздері, әдістері, бағалауы, механизмдері» атты ұжымдық монографиясы ұсынылды.
Секциялық отырыстарда 2 баяндама ұсынылды:
— А. Т. Тілеубердинова «Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының доктринасын іске асыру жағдайындағы халықтың экономикалық ойлауы мен мінез-құлқы: факторлар, алғышарттар мен тетіктер» (AP23485949) жобасы бойынша «Экономикалық ойлаудың құрылымдық қалыптастырушы элементтері экономикалық мінез-құлықты реттеу тетіктерінің факторлары ретінде» тақырыбында баяндама жасады.
— Ф. Г. Альжанова «Ғылыми зерттеулерді бағалауға теңгерімді көзқарас: іске асыру әдістемесі мен тетіктері» (AP19678110) жобасы бойынша «Қазақстанның ғылыми әлеуеті: кеңістіктік теңгерімсіздіктер және институционалдық сын-тегеуріндер» атты баяндама жасады.
Конференция жұмысының қорытындысы бойынша таныстырылған баяндамалар конференция материалдарының жинағында жарияланды, ал оның қатысушылары: ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының қызметкерлері Ф.Г. Альжанова, Н.К. Нұрланова, А. Т. Тілеубердинова конференцияны ұйымдастырушылардан алғыс хаттар алды.